Шымыр баба, Дос би, Қыбырай батыр, Төле би. Ташкентке сапар

2018 ж. қыркүйегінде Ташкент қаласында жатқан Шымыр баба, Дос би (Сиқым), Қыбырай батыр (Жаныс) және Төле биге (Жаныс) зиярат етіп барып қайттым. Күн ыстығында жүрмес үшін мамыр немесе қыркүйек айында барғаныңыз жөн. Қазір Ташкентке Қазақстаннын бірнеше жолмен баруға болады:


Ұшақпен, Алматы-Ташкент (Тальго) поезымен, Шымкенттің ескі автовозкалынан шығатын жақында ашылған автобус рейсымен (Шымкент-Ташкент-Шымкент) немесе Шымкенттен таксимен. Өзім автобуспен баруға шештім.

Билет бағасы Шымкенттің ескі автовокзалының кассасында 1500 теңге. Ташкент автовокзалының кассасында біздің теңгеге аударғанда 2000 теңге (40000 сум).

Автобус іші жартылай бос. Күніге 3 рет жүреді. Автобус шекараны очередсіз өтеді және онымен Шымкенттен Ташкентке шамамен 3 сағатта жетуге болады. Автобус шекараға жақындағанда оған обменник адам кіріп теңгенізді өзбек сумына айырбастап береді. Өз басым Шымкенттің Тәуке хан көшесіндегі обменниктерде 10 мың теңгені 210 мың өзбек сомына айырбастаған едім. Жалпы Ташкентке долларды алып бару тиімдірек дейді. Паспорт өзінізбен болу керек. Өзбектің шекарашылары баяғыдай сотка, ноутбуктың ішін тексермейді.

Шымкент-Ташкент автобусы Ташкенттің ипподром маңындағы автовокзалына келіп тоқтайды. Өз ақшанызды үнемдеп таксистерге ақша құртпау үшін (олар 20000-30000 сум сұрайды) автовокзалдан шығып сол жағында жол асты переход бар. Одан өтіп асфальт жолдын арғы бетіндегі Олмазор (бывший СабырРахимовский) метро станцияның алдынан шығып Ташкентский метромен керек жеріңізге барсаңыз болады.
Метро бағасы 1200 сум (60 теңге). Алдынала интернеттен Ташкенттің метро картасымен қаланың картасын сотканызға жүктеп алғаныныз дұрыс. Өйткені мобильный интернет болмай қалу мүмкін. Өзбекстандағы Ucell'дің сим-картасын алу үшін прописка және т.б. керек дейді. Түнеп шығатын баспананы (пәтер, отель) алдынала www.booking.com арқылы заказ беріп қойдым. Кафеде тамақтың бағалары арзан (бір тағам шамамен 10-12 мың сум).

FaLang translation system by Faboba