ҚР Сенатының экс-төрағасы марқұм Өмірбек Байгелдінің пейілі жайлы
Жақында Ташкентте Шымыр бабамыздың жатқан қорымның шырақшысымен байланысқа шыққан едік. Бұл өзбек кісі сол молада бабамыздың бейітіне қарап жүретін 4-ші буын шырақшысы екен. 60 жаста. Кезінде марқұм Өмірбек Байгелді ағамыз (ҚР Сенатының төрағасы) бұл шырақшыны Астанамызға конаққа шақырып күтіп, вокзалға шейін шығарып салған екен. Өмірбек Байгелді дүниеден озғаннан кейін (03.04.2024) аталмыш шырақщы моланың қасындағы Шымыр баба мешітінде имамдармен сөйлесіп бір күн бойы ағамыздың рухына арнап құран бағыштап оқытты.
Өмірбек Байгелді ағамызды соңғы рет тірісінде Шерхан Мұртазаңың 90-жылдығында көргенім болды, кейін көрісетін мүмкіншілігім болған жоқ. Былтыр Ташкентке денсаулығына байланысты жылдық асқа келе алмады. Биыл шетелде жүріп ағамыздың о дүниелік болғанын бір бауырымздан білдім. Сөйтіп жүріп басқа елдің азаматынан ағамыздың кеңпейілділігі жайлы есітіп оқырманмен бөліскенімді жөн көрдім.