Қалмақпен шайқаста ауыр жараланса да Ботбай туын жерге құлатпаған Өмірбекұлы Өтетілеу батыр. Сақталған ту бөлшегінің сүреті. 18.12.2023 мақала жаңартылды
Биыл қазақ елінің тарихында аса қайғылы кезең - "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сулама" атты ащы қасіреттен 300 жыл өтті. Жалпы қазақ пен қалмақтың арасындағы созылмалы қақтығыс сонау 1600-жылдары басталып, шарықтау шегіне 1723 жылдың көктемінде жетті. Сол жылы қазақ жеріне әбден дайындалған 70 мың қалмақ жауынгері тұтқиылдан шабуыл жасап, жайлауға көшуге қамданған қазақ елін ойрандап салды. Нәтижесінде әр 10 қазақтың 4-і мерт болып, тірі қалғаны мүмкіндігінше тойтарыс көрсетіп бас сауғалап жан-жаққа көшті.
Не себепті екенін білмеймін, бұл азалы күнге орай мемлекетіміздің ресми өкілдерінің ауыздарына құм кұйылғандай. Олай болса біз өз жақтан үлес қосайық. Сайтымда Дулат батырларының тізімі бар, жақында сол мақалада есімі жазылған Ботбай-Бұйдас Өмірбекұлы Өтетілеу батырдың жетінші буындағы бір ұрпағымен әңгімелестік. Азамат есімді бауырымыз Жамбыл облысының Қостоған ауылының тұрғыны екен. Содан біраз мәлімет алып осы мақаламды жазуға кірістім.
Алдымен Өтетілеу батырдың шежіресін тарқатсақ. Ботбай бабаның 4 ұлы болыпты: Құдайғұл, Шағай, Қоралас, Бұйдас (кейде Бидас деп атайды, тағы бір аты Мырза). Бұйдастан Айдарқұл, Тоқтарқұл. Айдарқұлдан Бақыткелді, Байменбет. Бақыткелдіден Текенші, Бөкенші. Текеншіден Айтқұл, Алқымалды, Бердімбет, Бораншы. Айтқұлдан Өмірбек, Өмірзақ. Өмірбектен Өтетілеу, Жанжігіт, Нәмек. Өтетілеу батырдың 4 ұлы болды - Қаратайлақ, Байтайлақ, Нартайлақ, Сартайлақ. Қазақ-жоңғар соғысында көтерілген Ботбай сарбаздарының туы осы Қаратайлақ атаның ұрпағында сақталды. Бұл ту - шайқасты көрген яғни "боевой" ту!
2012 ж Алматыда Ақпейілов Әшімқұл ағамыздын "Бабалар рухына тағзым. Мырза ұрпақтары. (Шежірелер, тарихи әңгімелер)" деген кітабы жарық көрді. Сонын ішінде Өтетілеу Өмірбекұлы туралы дерек жазылған:
"Өтетілеу Өмірбекұлы жаугершілік заманда өз қатарларымен бірге соғыс өнерін жақсы меңгерген. Жоңғар қалмақтары қазақтардың ала ауыздығын пайдаланып Қазақтардың жерін басып алғанда, Бәйдібек ұрпақтары қолдарына қару алып, басқа ағайындармен бірге, бүкіл қазақ болып қалмақтардан жерімізді босату үшін көп жылдар соғысқанда небір батырлар, өз денгейінде ерліктерін көрсетіп көзге түскен.
Ботбай ұрпақтарынан жасақталған 2000 сарбазын Сәмен батыр, Іле өзенінің он жағындағы "Алтын-Эмел" тауының бөктеріне, қалмақтармен соңғы соғысқа алып шыққанда Көтентай, Шалабай, Қасаболат, Қапсалаң, Текебай батырлардың қатарында болған Өтетілеу, алғаш жүз басы, кейін мың басы болып қатысады. Сол көп соғыстың бірінде Ботбай сарбаздарының туын ұстау кезегі Өтетілеуге келеді.
Сол заманда да туды ұстау аты шыққан, жас батырларға ғана рұқсат ететін болған. Өтетілеу аз ғана адаммен төбенің басында ту ұстап тұрады. Ту ұстаушының міндеті қандай ауыр екенін соғысқа қатысушылардың бәрі жақсы білетін. Әрбір жауынгер қаншалықты қиын жағдайда соғысып жатсада туға қараған. Ту жығылмаса сарбаздарға күш-жігер пайда болып жауға өршелене ұмтылған. Ту жығылса жаудың жеңгені болып табылған. Осыны түсінген Өтетілеу туды құлатуға ұмтылған қалмақтардың алғашқы шабуылын інісі Нәмек бастаған жауынгерлерімен, қыян-кескі ұрыс жүргізіп қуып тастап туға жолатпаған. Қайта топтасқан қалмақтар сан жағының көптігін білдіріп төбені екі жағынан орап кеткендіктен Өтетілеу аз ғана жауынгерлерімен қоршауда қалғанымен, інісі екеуі кескілескен ұрыста бірнеше қалмақтын жанын жақаннамға жібереді. Өтетілеу бірнеше жерден ауыр жараланғанымен соңғы күш-қуатын жинап соғысып, ту қисайғанымен құлатпайды. Тудың қисайғанын көрген қазақтар қайта топтасып бар күш-жігерімен ұмтылып төбені қайта босатып алғанда, Өтетілеудің туда жауға құлаттырмай теңселе басып тұрғанын көрген қазақтың сарбаздары туды қайта тұрғызғанда, қансыраған Өтетілеу қисайып сарбаздардың қолына құлайды. Қалмақтарды төбеден шегіндіріп қайтадан қуғанда, жараланып тұтқынға түскен Нәмекті босатып алады. Соғыста қайтыс болған Өтетілеудің денесін елге әкеліп жерлейді. Өзінің жауға құлаттырмаған туының бір бөлігін "Әкелеріннің ерлігінін белгісі" - деп жас балаларына береді.
Өтетілеудің ұстаған туының бір бөлегі осы күнге дейін Бидас ұрпақтарының өте құнды дүниесі есебінде Бақытбек Төленгітұлының үйінде сақтаулы тұр. Қалмақтармен соғыста жүз басы, мың басы болған, қиянкескі соғыста ту ұстап, құлатпаған батырды қандай деңгейдегі батырдың қатарына жатқызу керек екенін оқырман қауымның өзіне қалдыра отырып, осы қысқа әңгімені кейінгі ұрпақтарға өнеге ретінде қалғанын жөн деген оймен жазып қостым. (Қысқа әңгімені Бедел Сексеновтың кішкене жазғанынан және Әсімхан Қосбасаровтың айтқанынан жаздым)."
Өтетілеу батырдың жатқан жері ауызекі сөз бойынша Іленің маңайында. Жалпы Іле аумағы дулаттардың байырғы мекені болғасын оған таң қалмаймын. Мысалы Шымыр Байтанадан шыққан Нұрманбетұлы Шалданбай батырдың бейіті де сол Іле жақта дейді.
Қостоған ауылында Өтетілеу батырдың құрметіне 2011 ж салынған ескерткіш бар. Сүреттерін төменде қойдым:
Ал енді Ботбай туының сүреттері:
Ту бөлшегінін кейбір жерде жыртылғаннын себебі - естуімше батырдың ұрпағы заманында балам батыр болсын деп шетінен үзіп алып кеткендіктен. Қазақ ырымшыл халық екенін білесіз ғой )))
Ал мынау сүретте тудың қабы я орамы:
Жоғарыда айтылған кітап жарық көрген жылы Көкшетаудан Абылай хан мұражайының өкілдері келіп ту иесінен оны сатуды сұраған. Бірақ Өмірбекұлы Өтетілеу батырдың ұрпағы бұл қадамға барған жоқ және де туды Меркі кентінің мұражайына тапсыруға ниеті бар. Бұл шешімді 100% құптаймыз. Кім біледі, мүмкін жаңа технологиялардың арқасында мамандардың жаңалық ашуына себепші болар.
Жерін жаудан, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған Ер есімі - ел есінде!
P.S. 18.12.2023 бұл мақалаға қосымша бір ақпаратты қосуды жөн қөрдім:
Ту жақында Меркі кентінің мұражайына табысталды. Инстаграмдағы мұражайдың бұл туралы хабарға сілтеме төменде.
https://www.instagram.com/p/C0cDAfWsRj7/?igshid=MTRhZmU1ODE2NA==