Асыл Домалақ Анамызға зияратым жайлы
2021 жазында Ысты класстасым "Жүр, саған облысымыздағы Ақмешіт үнгірін көрсетіп қайтайық" деп аталмыш жерге барғанымыз бар. Ардақты Домалақ Анамыздың кесенесі үнгірге баратын Шымкент-Шаян тасжолының бойында екен. Досым кесене жол бойы болғасын оған да соғып кетейік дегенде мен "Жоқ, кейін рет болғанда өзім бұл жерге арнайы зияратқа келермін" деп ол кезде бас тарттым. Сонымен ШНПЗдағы жұмысымнан шығып жаңа жұмысты күтіп жүргенде 20.09.2021де қолым босаған бір сәт шығып Домалақ Ананың жатқан жеріне тарттым.
Әр сапардан ұйренетін бір нәрсе қалай да болады. Бұл жолы да бірнеше нәрсені өз көзімен көріп біліп қайттым. Мысалы, казір кесене басында кімдер (кімнің ұрпақтары) қарап жүр, кесененің орнында 1959 жылы сағана тамды тұрғызған кісі Дулаттың қай ұрпағы, тағы да басқа деректер. Енді осыны ақырындап төменде жазып кетемін.
Алдымен Албан, Суан, Дулат, және де бұларға жиен болып келетін елге айтып кетейін, кесене қараусыз я бөтен біреулердің қолында қалған жоқ. Шырақшысы Дулат-Шымыр-Темір бабалардың ұрпағы Құрманбек есімді аға. Бауырыммен енді сөйлесіп бастағанда жаңа жұмысымнан біреулер звондап, анау бір құжаттың скан көшірмесін дереу жібер, басқасын тағы да жібер деп мазамды алып әңгімені бөліп жіберді. Мобильды телефонның бір бәлесі осы, керегі жоқ кезде де тауып алады ғой ))) Кейін ағаш астындағы скамейкада жайғасып отырған кезде қасыма бұл жерде жұмыс істейтін Бекболат есімді жігіт келді. Өзі руласым екен, Дулат-Шымыр-Шілмембет. Шілмембеттің Қарабатыр тармағынан (мен Шілмембет Сәлік). Туған жері Түлкібас ауданындағы Абайыл ауылы. Осында істегеніне бір жылдан асты.
Кесененің өзі айналасымен таза күйінде тұрғаны осы Құрманбек, Бекболаттардың еңбегінің арқасы. Ат жегуге арналған арбаға ағаш-пағаш, басқа қалдықтарды тиеп сырттағы шарбақтын алдымен төгетін жерге қолмен итеріп-сүйрегендерін көрдім. Оларға сол үшін рахмет! Бауырымыз Өмірзақ Шөкеев мырзаға да, бұл кешенді назарынан тыс қалдырмағанына алғысымызды білдіреміз!
Тасжолда кесенеге бағытты көрсететін белгі.
Трасса алдындағы кірпіш арка
Кесененің артқы жағында кішкентай төрт бөлмелердің біреуінде кесенені салуға негіз болған кісілердің есімдері жазылған бір табличка бар.
Кесене кұрылысын қаржыландырған Алтынбек Дүйсенбекұлы жайында интернетте дерек таба алмадым. Ал Атымтай Омаров туралы 2018дің қарашасында шыққан бір мақала бар, оған сілтеме төменде. Жалпы бұл шараға атсалысқан барша бауырларымызға алғысымыз шексіз, өркеніңіз өссің деген тілегіміз бар!
https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/9754
Кесене сәулетшісі Сайын Назарбекұлы, Маңғыстау облысының тумасы, елде бірқатар тарихи тұлғалардың басына кесене салған маман. Атап айтсақ:
"Абай – Шәкерім (1995), Омархан – Нұржамал (1996) кесенелерін, Абыл ақын, Досан батыр (1992, Маңғыстау облысы), Тоқтамыс батыр (Семей қ.) күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай, Шәкір Әбенов сағаналарын (1995, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Домалақ ана (1997, Қаратау), Хан ордалы Сарайшық (1999, Атырау облысы) кесенелерін, т.б. сәулет ескерткіштерін тұрғызған."
Төмендегі видеоның 10:30 минутынан ол күмбезді неге 3-сатылы қылып салғанын (Албан, Суан, Дулатқа арнап), және де ішінде 8 шамды (Бәйдібекпен байланысы бар Ұлы жүздің 8 рудың шамдары) қай себеппен қойғанын түсіндіреді. Видеоның бетінде "Видео недоступно..." деген жазу бар, "Посмотреть на ютуб" деген ссылкасын бассаңыз шығады.
Кесененің бас құрылысшысы Нурлан Сайынұлы мырза, 2017де "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның кұрделі құрылыс бөлімінің директор орынбасары болып қызмет атқарды.
Енді бұл кесенеден бұрын Анамызға сағана тамды тұрғызған бауырымыз жайлы айтпасақ болмайды, ол кісі кесенеден 15-20 метр қашықтықта жерленген. Үсіпұлы Жұмағұл (1887-1967жж аралығында өмір сүрген, 80 жаста дүниеден өткен) сағананың құрылысың 1958 ж бастап 1959 жылы аяқтады. Бұл сайтта Қыбырай батыр туралы мақала жазған едім. Ол кісі 80 жасында 15 жасар Төлебиге хан ордаға қызметке аттанардың алдында қандай бата бергенін де осы сайтты жаздым. Жұмағұл ата сол Қыбырай батырдың ұрпағы екен. Шежіресін сәл тарқатсақ Дулат - Жаныс бабалардан тарайды. О дүниеде Алланың рақымы мен шексіз шапағатына бөленсің! Бұл құрылыс жайлы тағы бір дерегіңіз болса, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштама жіберсеңіздер - келер ұрпақ білсің деген ниетім бар.
Түсірген видеоны бұл жерге салып бөлісейін; бір себептермен соңғы кездері ютуб жүктеген видеонын сапасын азайтып шығаратын болды сондықтан да компьютермен көретін болсаңыз - экранда шығатын настройки басып сапаны реттеп койғаныңыз дұрыс болар.
Зияратқа келген кезім күз болғасын аумақта көп келуші болған жоқ. Кесене ішіне кіріп тыныштықта жалғыз отырып бойыма ерекше бір энергия тарап кеткендей сезіндім. Кейін ішке еліміздің батыс жағынан келген кісілермен (оларды мұнда алып келген такси айдайтын жігіт екен) шырақшы аға келіп Бәйдібек баба + Анамызға бағыштап құран оқып алып бәрімізді сыртқа шығарып кесене есігін жапты.
Ал енді кешеннің бір бөлігі, қонақүй жайлы бірер сөз.
Қонақүй 2017 ж қазан айының 27-де ресми түрде ашылды. Ашылу салтанатынан бірнеше сүретті төменге салып қоямын. Кейбір сүретте Дулаттың танымал ел ағалары да бар. Олардың арасында шляпа киіп тұрған марқүм Еркінбек Тұрысов ағамыз жайлы қалай айтпасқа. Ол кісі былтыр 2020 ж қантарында 93 жасында дүние салды. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Бәйдібек ауданының құрметті азаматы. Облыстың осы ауданына Бәйдібек бабаның есімінің берілуіне Еркінбек ағаның сіңірген еңбегі ерекше еді. Сонымен қатар «Бәйдібек – Сыланды» қайырымдылық қорын құрып, баба есімін ұлықтауға көп күш-жігерін жұмсады. Ұзақ жылғы ізденістің нәтижесінде «Бәйдібек» атты тарихи роман жазды. Бұдан басқа да көптеген шығармалары жарық көрді. Міне осы сүреттерден де байқауға болады жасы 90-да болса да бұл шараға барынша атсалысып жүрді. Оның бір сұхбатын оқығанымда (қазір таба алмай жүрмін), Бәйдібек бабаның кесене құрылысын жүргізгенде, ескісінің фундаментінде Қараханид дәуірінің кірпіштерін я нақыштарын көргенін айтқан. Мүмкіншілік болса осы жайтты болашақта аңықтап көрмекшімін.