Төле би неліктен 3-ші әйел қып Қарақалпақтан әйел алды дегендерге
Төле би заманында 8 әйел алған кісі. Олардың арасында қарақалпақтың қызы да болатын, есімі маған әзірше белгісіз. Қателеспесем, одан Төле би үш ұл көрді: Жиенқұл, Жасыбек пен Тасыбек. Осындай қарым-қатынастың арқасында Төле би шашырап қалған қазақтың қолына көрші халықтың қолын қосып, некелесумен бекіткен саяси одақ арқылы елді шапқан қалмаққа қарсы бірлесіп күрес жүргізген.
«...1726 жылғы Түркістан түбіндегі ұрыста Ұлы жүздің қолында 17 мың жасақ болған көрінеді. Оны Қазыбектің өзі былай жазады: «Ұлы жүздің он жеті мың қолына басшылықты Жолбарыс хан жүргізуі тиіседі, ұрыс барысында қолды белгілі батырлар бастап кетті. Дулаттардан келген сегіз мың қолды Төле бидің бірге туған бауырлары Сеңкібай, Шойбек, Шымыр-Қойгелді, Қарақалпақтан келген екі мың қолды Қылышбек, Жангел екеуі басқарды. Қалған жеті мың қол Жетісу қазақтары болатын. Осы жеті мың адамға жалпы басшылықты Тауасарұлы Қазыбек батыр жасады, Шапырашты – Еміл ағайынды Қаумен мен Дәулет, Шапырашты Асыл Наурызбай, әкелі-балалы Сатай мен Бөлек, Дулат – Жаныс Өтеген, Дулат – Ботбай Сәмен, Албан Хангелді, әкелі-балалы Қазыбек пен Қасқары осы қолдың басшылығында болды. Осы аталғандардың барлығы да жекпе-жекке түсіп, жаудан қазақ кегін алған көрнекті батырлар еді» (Қ.Тауасарұлы «Түп-тұқианнан өзіме шейін» 15 бет).
1726 жылдың жазында Сарысу бойындағы Айрантөгілген деген жердегі ұрысқа қазақтың 44 мың сарбазы қатысты. Ұрысты Жолбарыс хан мен Төле би күндіз-түні тапжылмай бақылап отырды. Жетісулықтардың қолын басқарған Қазыбек қолы «Ай қораланды» аталатын соғыс тәсілін жүргізіп жауды қатты қырғынға ұщыратты.
Төле бидің барлық ұлдарын атап кетпесек болмайды: Өзбек, Сүйіндік (1-әйелі Серманай),Ниязбек,Қазыбек (2-әйелі Рақыш), Жиенқұл,Жасыбек,Тасыбек(3-әйелі),Қожабек, Жолан (4-әйелінен - екеуі де Жаныс баба кесенесі аумағында жерленген), Қожамжар,Алдамжар (5-әйелі),Жақсықұл(6-әйелі),Айнакөз (7-әйелі),Табылды (8-әйелі). Бұл аталардың ұрпақтары қазіргі кезде көбінесе ОҚО-ның Төлеби ауданын мекендейді. Шымкенттегі қазіргі жұмыс орнымда бір кабинетте бірге жұмыс істейтін әріптесім Төле бидің сол 3-ші әйелден көрген Тасыбектің ұрпағы екен. Алла тағала Төле бидің тірі ұрпақтарын көлденең кесел-кесапаттан сақтап ұзақ ғұмыр сыйласын деп тілеймін!