17 әйел алған Шымыр Байтемірұлы Болтай батыр

Шежірелерді ақырындап зерттей отырсаңыз, кейбір тарихи мәлімет пен трендті біле аласыңыз. Шымыр руының шежіре кітабы бойынша, Шымыр баба ұрпақтарының арасында ең көп әйел алған кісі - Байтемірұлы Болтай батыр. Батырдың шежіресін тарқатсақ: Дулат-Шымыр-Бекболат-Жиеш-Жаңабай-Құлтөбер-Айтқұл-Байтемір-Болтай. Шежіре фотоларын мақаланың төменгі жағына салып қойдым. Болтай батыр 11 әйелінен 18 ұл көрген, басқа әйелдерінен ұл-бала көрді ма жоқ па - ол жағы маған әзірше белгісіз, дегенмен батырдың тірі ұрпағына Құдай бақытты өмірді нәсіп етсін! Біз "қазақ байыса қатын алады" деген ұғымды тек бір жағынан алып қарамаумыз керек, Ұлы Далада саяси жағдайдың тұрақсыздығы жанүялардың көпбалалы болуын талап еткен. Қилы заманда қазақ елінің шаңырағын сақтап қалған факторлардың арасында тек ханның саясаты, көрегендігі мен әскери іс-қимылдар емес, сонымен қатар қазақтың тез арада көбею қабілеті де бар екенін ұмытпау керек. Ол қазіргі кезде біреулерге ерсі көріну мүмкін ал бұрын бірнеше әйел алу қазақ тарихында жиі кездесетін жағдай. Қазақ халқының даналығы тек жеті ата, әмеңгерлік дәстүрлерімен, билер сотымен біткен жоқ, оған ерлердің бірнеше әйел алғандығын да қосуға болады. Тыңдайтын құлаққа айтарым, қазақ халқы болашақта тарихи сахнадан жоқ болып кетпес үшін халық даналығынан бас тартпай керісінше оған ресми түрде жағдай жасау керек.



FaLang translation system by Faboba