Ботбай Дәненұлы Сәмен батыр. Алматы облысында жатқан жеріне сапарым

Дулат-Ботбай руының Шағай атасынан тараған Дәненұлы Сәмен батыр бар дерек бойынша 1704-1777 жж арасында өмір сүрген. Ботбайдың ең танымал батыры, заманында есімі Ботбай руының ұранына айналғаны соның айғағындай. Аңырақай шайқасына 2 мың Ботбай жігітін бастап келгенде де, 1756-1757 жж жауды жоңғар қақпасына дейін қуған 17 мың қазақ қолында да мыңбасы болған. Қартайған шағында Жетісу өңірін, Меркі, Созақты қырғыздың Садыр, Ешенқұл манаптары шапқанда - жерін жаудан азат ету жолында Садыр манапты жекпе-жекте өлтірген.
Тамыздың 26-да Шымкенттен шығып, Қапшағай төңірегінде көлігімде бір түнеп, ертесіне Алматы-Өскемен жолының бойындағы Арқарлы асуына сәл жетпей Жоламан деген ауылдың знагын көріп трассадан сол бағытта бұрылдым.



Жолдың арғы жағында Жоламан ауыл округі деген қызыл стелла орнатылған



Сол ауылдық жолмен келе жатқанда жол бойындағы Сәмен есімі бар знак алдыңыздан шығады, арғы жақта алтын күмбез бірден көзге түседі:



Батыр бейіті қараусыз қалған жоқ. Кешен аумағы қоршалған. Ішінде жүретін жолдарға асфальт төселген. Екі үй салынған (зияратшылардың түнеп шығатын ба, әлде шара-ас өткізгенге ма, оны нақты білмеймін). Бір шетінде қол-бет шаятын ағып тұрған су көзі бар. Мен келген кезімде кіреберістегі есік құлыптаулы екен. Кешеннің алдындағы парковкасында тұрып, енді не істеймін деп тұрғанымда, қасыма көлікпен бір жігіт келіп қалды. Осы ауылдың адамы екен. Есімі - Қанат. Амандасып, не себеппен келіп тұрғанымды біліп, қазір үйден ашатын кілтімді алып келемін деп, тез арада кешеннің есігін ашты.



Қанат шырақшымен сөйлескенімде, Жалайыр екен. Осы ауылда Сәмен ұрпағынан я Ботбайлардан кісілер тұрады ма деп сұрағанымда, "Жоқ. Мұнда ауыл бәрі Жалайыр". Содан кейін оған біреу звондап, мектепке тез баруым керек деп ол Жоламан ауылындағы мектепке тартты (жұмыс орны сонда болса керек), шыққанда есікті жауып қойыңыз деп. Дұрыс бір жігіт екен жалпы.









селфи деген бәле бар қазір )))



Жалпақ тастан салынған Сәмен батырдың бейіті



Жауынгерлік жолын қысқаша баяндайтын тақтайша



QR коды жазылған тақтайша да бар



Бейіттің үстіндегі кұмбез жақын жерден





Сол жерді азғантай видеоға түсіргенім бар



Жалпы батырдың жерленген жеріне қарағанда - Сәмен батыр көктем я жаз айларында қайтыс болса керек (Жетісу өңірінің таулы-қыратты аймақтары Дулаттың жайлауы болатын). Алыс емес жерде жерленген оның замандасы - Жаныстың Өтеген батыры да (1970жж Қапшағай су қоймасының құрылысымен байланысты ұрпақтары сүйектерін қазып алып Жамбыл жаққа қайта жерлеген) осылай көктемде я жазда дүниеден өтті деген ойдамын.

11.11.2020: Жоғарыда Сәмен батырдың қырғыз басқыншыларымен күресі жайлы жазып едім, енді бұл мәселенің мән-жайын айта кеткенім де дұрыс болар:

1771 жылы Еділдегі торғауыттар қытайдың қырғынынан бос қалған ойрат жұртына оралып қайта қоныстану үшін шығысқа бет алып, қазақ жерін кесіп өтпекші болады. «Шаңды жорыққа» шыққан Еділ қалмақтары қазақ жерімен тыныш өтпей, жолда кездескен елді жапырып жүреді. Кіріптар күйде келе жатса да, жол-жөнекей соғыс салып, қырғын ұйымдастырып жылжыған. Қалмақтың бұл қылығын естіген қазақ батырлары дереу Балқаш бойына жиналып, жауды қарсы алады. Мұнда да үлкен ұрыс болып, ол бірнеше айға созылады. Қазақ сарбаздары осы соғыста жүргенде, қырғыздар оңтүстіктің біраз жеріне тағы ылаң салады. Есенқұл батыр Арқарлыдағы (жоғарыда аталған Арқарлы асуының маңайы) Ботбай руының ауылдарын талқандап, жылқыларын айдап бара жатқанда, мал мен жан үшін арпалысып, шайқасқа түскен Сәмен батырдың ұлы Ергеніш пен қызы Мақпалды және бірнеше адамды өлтіріп кетеді.

P.S. Мақала толығымен бітпеген. Әлі де қосып толықтыратын нәрселерім бар.
FaLang translation system by Faboba