Бекасыл Биболатұлының (Бекасыл әулие) тышқан жылы (2020) туралы ("Зикзал" туындысының "Жылдардың сипаттамасы" тарауынан)
Жаныс Бекасыл әулие 1822 жылы қазіргі Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Сайрамсу, Қасқасу, Қарасора дейтін үш өзеннің тоғысқан жерінде дүниеге келген, 1915 жылы 93 жасында туған жерінде қайтыс болған. Сол кездегі білім ортасы саналатын Бұқарда, т.б, Сирия (Шам) елінде білім алып, кейіннен туған жерінде медресе ашып, балаларды оқытып көптеген кітаптар жазған. Бірақ зұлмат заман келе жатқанын аңық сезіп, алты қанат ақ үй толған кітаптарын түйелерге артып, тауға апарып тыққан. Бүгінгі ұрпаққа ол кісіден әзірге жеткені тек "Зикзал" туындысы. Ол 2017 жылы қазіргі оқырманға түсінікті түрде кітап болып баспадан шықты. Алғысөз тарауында бұл туындының хикаясы, жолы, көмектескен адамдар жайлы т.б. мәлімет келтірілген. Бекасыл әулие "Зикзал" қолжазбасын өзінің ең үлкен үміт артқан шәкірті Байболұлы Қазанғапқа (онын есімі төмендегі Мәшһүр Жүсіптің қолжазбасында кездеседі) аманат етіп тапсырған. Қазанғап дүниеден өтер алдында (1946ж) Бекасылдың еңбегін өз баласы Оңғарға тапсырған. Оңғардың айтуынша, Бекасыл Қазанғапқа: - Заманында мұнын иесі келіп сұрайды, иесіне берерсіңдер, соған дейін сақтандар. - деген екен. "Зикзал" кітабінің электронды ңұсқасына сілтеме (кітап ұялы телефонда дұрыс ашыла ма жоқ па білмеймін):
https://www.yumpu.com/xx/document/read/62779495/-1
Бекасыл әулиенің қазақ тарихындағы алатын бөлекше орнын тағы да таныта түсетін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Оңтүстікке сапарын баяндайтын, «Қазақ баласы оқыдым, тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет бола ма» деп аталған шығармасында. Құнды қолжазбаның мәтінін редакцияға Баянауылдық мәшһүртанушы Алтынбек Құрманов жолдаған. «Менің атам Иманғали Мәненұлы Мәшекеңнін шәкірті болған кісі. Атамның қолында ғұлама бабамыздың талай қазынасы бар еді. Біразы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бұған дейін жарық көрген 20 томдығында жарияланған. Мына дүниесі ешқайда шыққан емес. Мұны мен 1987 жылы көшіріп алған едім». Сілтемесі төменде:
https://egemen.kz/article/25605-mashqur-zhusip-kopeyuly-qazaq-balasy-oqydym-toqydym-dese-de-bekasyl-khaziret-bol
2020 жыл қазақтың жыл санауы бойынша тышқан жылы болып келеді. Бекасыл әулие "Зикзал" шығармасында 12 жылдың әр қайсысына өз сипаттамасын берген. Тышқан жылы туралы төменде:
P.S. Тәуелсіз ел бола тұра, ойшыл, көріпкел, ғұлама, өз заманның Әл-Фарабиі - Бекасыл Биболатұлының рухани мұрасы тек энтузиаст бірнеше адам еңбегінің арқасында қазаққа мәлім болғаны әрине өкінішті жағдай. Басқа өңірлер былай тұрсын, тиіп тұрған алып Шымкент мегаполисында бұл кісінің кұрметіне бір көшеге я ғылыми-рухани нысанға ат берілгенің естімеппім. Сол бір шаруаны қолға алайық ағайын.