Домалақ Ананың босағасы Дулат-Жанысқа тиген
Дулаттың Жанысынан шыққан Қазанғап Байболұлының (1889-1945) "Еңсегей бойлы Ер Есім" және "Төле бидің тарихы" жаздырып қалдырған (нұсқасында араб әріпімен) екі дастанды қамтитін кітапты мына бір ссылка бойынша оқи аласыңыз (ескерту: ұялы телефонда дұрыс ашылмайды),
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=453656&lang=kk
Осы кітаптың 179-ші бетінде Домалақ Ананың босағасы қай ұрпағына тигені және де қабіріне кім шырақшы екенін білуге болады,
Марқұм Бауыржан Момышұлының айтуынша Домалақ Ана 17 құрсақ көтерген, дегенмен шежіренің барлығында оның Жарықшақ деген баласынан ғана ұрпақ өргізеді (*Найман Матайына кеткен Ақбикеш есімді қызынан қазіргі кезде Найманның Қызай руы бар). Жарықшақтың бізге белгілі 3 ұлы болатын - Албан, Суан, Дулат. Сонда уақытымен Домалақ Ананың босағасы Дулаттың Жаныс Қыбырайына тиген екен. Қабіріне шырақшы Бөкен жағы дейді (Бөкен руы Жаныстан тараған ба жоқ па - ол жағы маған әзірше белгісіз). Қазіргі уақытта Анамыздан қалған босаға қалпында сақталған ба, жоқ па - оны нақты айта алмаймын. Қыбырайдың ұрпағына айтарым, бұл жәдігер бүгінге дейін сақталған болса - оның қалай сақталғаннын айтып беріп, жарыққа шығарып - сурет, видеоға түсіріп көрсеткенде немесе орталық музейге тапсырғанынызда дұрыс болар еді. Себебі бұл зат Домалақ Анадан тараған барлық ұрпақтың ортақ жәдігері.