Бірнеше жылдан кейін еліме оралдым
2003-те Алматыдағы Нархозды бітіріп сол жердегі курстас әрі дос болып кеткен Ақтаулық бір жігіттің шақыруымен (ол атақты күйші Қызылқұрт Құрманғазының руласы) Маңғыстау жеріне кетіп қалғанмын. Сол жерде болашақ жарыммен танысып, балалы болып, жұмысқа тұрып өмірімнің 17 жылын Каспийдың жағасында өткіздім. Сол өлкеде мұнай-газ саласында қызмет етіп көптеген адамдарымен таныстым және де маман болып қалыптастым. Маңғыстау еліне сол үшін алғысым шексіз, халқына тек аманшылық пен берекені тілеймін! Қазақтың "Есін барда елің тап" сөзін есімде сақтап, өз еліме - Шымкентке қайтуға ойым әуелден болған. Биыл әке-шешем, бауырларым КОВИДке шалдыққасын, енді алыста жүруді қойып, тезірек қайтайын деп шештім. Сонымен жақында ауылыма оралдым. Өмірімнің жаңа кезеңі басталды десем де болады. Менен әзірге жаңалық осы. Аман-сау болайық, Жаратушы бізді індет-бәлекеттен сақтасын!