Әкесі Астархан маңында шайқастың бірінде қаза тапқан, қалмақтың тұтқынына түскен Сайрамнын 350 өзбек қызын құтқарған Сиқым Секер мен Барақ батырлар. Ойрантөбе оқиғасы.
Еліміздің тәуелсіздігі жолында 1991 ж 16-ші желтоқсанында Жоғары Кенес қабылдаған заңның өз орны бар, 1986 жылғы қайғылы оқиғалар, алашордалық қайраткерлердің заманындағы әрекет-қадамдары, қоқандықтарға қарсы күрестің де маңызы бар. Бірақ қазақтың қазір дербес ел болып қалыптасуы қалмақ-жоңғармен бір ғасырдан асқан текетірестегі жеңіссіз болар ма еді? Қазақтың азаттыққа деген ұмтылысы ақырында сол сұрапыл соғыста жеңіске жеткізді. Осыны ескере отырып сол заманда жасаған және де көпшілікке әзірше беймәлім Секер мен Барақ батырлар туралы деректі оқырмаңға ұсынамын. Екеуінің Орта жүздің танымал Көкжал Барақ және де қазіргі ЗКО аумағында жатқан Кіші жүздің Тайлақ батырменен байланысы бар. Бұл тақырып бойынша хабарласқан, Секер-Барақ батырлардың сол кездегі ағайыны Шеруұлы Мәмбет батырдың ұрпағы - Шу қаласының тумасы, Шыңғыс есімді бауырымызға алғысымды білдіремін. Төменде Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика
комиссиясының мүшесі, «Қазақ тілінің жанашыры» құрмет белгісінің иегері, Қабыл Дүйсенби ағамыздың 2011 жылғы мақаласы:
Оңтүстік өлкесінде жоңғар басқыншыларына қарсы жан аямай соғысып, халқымызды құлдықтан, жойылып кетуден сақтап қалған батыр бабаларымыздың қатарында ағайынды Секер мен Барақ та болған. Алайда, бұлар туралы тым аз айтылады. Егер біз олардың өмір тарихын зерттемесек, жазбасақ, онда бұл батырларымыз елеусіз болып қала бермек. Осы жағын ескеріп, туған ауылымнан шыққан Секер, Барақ сынды батырлар туралы естіген, білгенімді жазып бүгінгі ұрпаққа жеткізгенді жөн көрдім. Қазақта: «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар.
Қазіргі кезде Секер мен Барақтың ұрпақтары Алматы, Жамбыл облыстарында тұрып жатыр және олар ата-бабасы моласының басына (Қаратөбе ауылына) 1994, 2004 жылдары арнайы келіп, мал сойып, Құран бағыштапты. Маған бұл жөнінде ауылдың зиялы азаматтары, менің ұстаздарым, ақын Мырзақұл Тұрғынбаев пен Әділ Оразов айтып берді. Ауыл ақсақалы, тарихшы Айтмырза Әшірбаев ауылда қырғыздар ұйымдастырған бір жиында: «Секер, Барақ сынды батырларға ауылдағы мектептің, тым болмаса бір көшенің атын берсек, бабаларымыздың әруақтары разы болып, әрі жастарды отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге де мұндай істің пайдасы зор», – деген еді.
Қазақтың ұлан-байтақ даласында не көп, төбелер көп. Әр төбенің тарихына қарай аты бар: Ақтөбе, Көктөбе, Қаратөбе, Қызылтөбе, Алтынтөбе, Күмістөбе, Шутөбе, Майтөбе, Тойтөбе, Суықтөбе т.с.с. Екеу болса Қостөбе, үшеу болса – Үштөбе, жетеу болса – Жетітөбе… Ал, Ойрантөбе бүкіл қазақ жерінде екеу-ақ сияқты. Жетісуда Райымбек батыр жоңғарлармен соғысқан бір төбе Ойрантөбе ретінде белгілі.
«Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ қойылды» деген қасіретті де қанатты сөздер Алтайды, Арқаны, Ақжайықты жайлаған қазақтар арасында мәтелдей тарап кеткендігі таңданарлық. «Жақсыға талас көп» демекші, кейбіреулер Ойрантөбеге қойылған Барақты Көкжал Бараққа телитіні бар. Кейбір ізденушілер Барақ атты айтулы батырдың санын тіпті жетеуден де асырып жіберген. Соған қарап Барақ есімінің батырлыққа бастайтын бір тылсым қасиеті бар ма деп те қалғандайсың…
1993 жылы күзде Жезқазған, Жамбыл облыстарының тұрғындары Ықылас Дүкенұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ұлан-асыр той өткізді. Сонда Секер, Барақ батырлардың есімдері де еске алынды. Теңдессіз қобызшы бабамыздың «Секер – Барақ» атты күйі бар екендігін кейбір білікті зерттеушілер ел алдында айтты. Белгілі ақын Қазанғап Байболұлының «Төле бидің тарихы» атты дастанында кімді болса да қызықтырар сыйқырлы жолдар бар. Әттең, не керек, «Секер-Барақ» қиссасын жатқа білетін ақыртөбелік қария Қарабала Рысбекұлы 1975 жылы 78 жасында дүниеден өткен. Сол күйді – Алматы қаласында Жамбыл бастаған халық ақындары алдында күңіренте тартқан Сайрамсу өзенінің басында тұратын қаратөбелік Дәулет Бекмұрзаұлы 1945 жылы 76 жасында өмірден өтіпті. Осы күйдің нобайын Дәулеттің немересі Күзембай Төребекұлы тартушы еді. Күзекең 82 жасында алдыңғы жылы қайтыс болды.
Ойрантөбенің орны қаратөбелік ұлағатты ұстаз әрі ақын, қазір зейнеткер Мырзақұл Тұрғынбаевтың көмегімен табылған. Ойрантөбенің дәл төбесінде Секер мен Барақтың екі жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де ойылған ордай қабірі қатар жатыр…
Сайрамсудың оңтүстік-шығыс жағындағы кең төбенің біреуі Қаратөбе деп аталады. Қаратөбенің дәл түбінде сол төбенің інісіндей Ойрантөбе оқшау тұр. Атшаптырым жерде Балдыберек өзені ағып жатыр. Ойрантөбе оқшау болғанмен жалғыз емес. Бір-екі көш жерде Қостөбе, Кіндіктөбе, Даңғырашалғантөбе, Қыпшақ қорған, Шутөбе атты төбелер күндіз-түні мызғиды. Не көрмеген, кімдер басып, кімдер өтпеген төбелер…
XVIII ғасырдың орта тұсы. Қаратау мен Алатауды жоңғар қалмақтары албастыдай басып, елді қынадай қырып, еңсесін көтертпегені қашан? Сол ел бір-ақ күнде, күнде емес, түнде көтеріліп шыға келді. Жас та, кәрі де жаппай атқа қонды. Мал қамымен ауыл-ауыл боп қонған қалмақтардан ес кетті. Шашыраған жау ес жинағанша Төле би мен Қойгелді әмірімен қазақтар ата дұшпандарына бір-ақ күнде жапатармағай бас салды…
Сайрамдағы өзбектер де бір-ақ күнде әбігер болды да қалды. «Ойбай не дейсің, Рысбек бастаған сиқымдар Қаратаудағы қоңтайшы ордасын ойрандап, шауып кетіпті. Жоңғарлардың көбі қырылып, азы зорға құтылыпты. Енді осында, Сайрам, Шымкентке қарай келе жатыр екен…», «Не дейсің, мына Қаратөбедегі сиқымдар мен қырғыздар көтеріліп, жол-жөнекей қалмақтарды қырып келе жатыр». Бұл хабар қалмақтардың да құлағына тигені сөзсіз. Сақтық ретінде етек-жеңін жинап, қымбат қазыналарын теңдей бастады. Қазақтардың қыздары қолға түспеген соң, Сайрамдағы өзбектердің сұлу деген 350-дей қыз-келіншектерін үй-үйді тінтіп ұстап алды. Бір-біріне өрім-өрім шаштарымен матап, ұйыстырып тастады да, Қаратөбеге қарай жаяу айдады. Әр төбенің тасасында қарулы қол. Қайсысы қалмақ, қайсысы қазақ? Таяу келгенше айырып болмайды.
Сайрам өзбектері Қаратөбе бауырындағы сиқымдарға жасырын жаушы аттандырды. Осында жылқылы бай атанған ағайынды Секер, Барақ ауылдары отыратын. Олар өзбектермен жақсы қарым-қатынаста еді. Олардың керегін бұлар тауып береді, өздері де керегін алады. Енді міне, «Таз ашуын тырнаудан алады» дегендей, өзбек арулары жоңғар нояндарының қанды шеңгеліне түсіпті. Не істеу керек? Секер мен Барақ көп ойланбай ағайындарын атқа қондырды. Қоғылдың ағасы Масаның ұлдары-немерелері Шақа, Шеру, Бұқар, Батыр, Жәпек, Балпанқұл, Мәмбет, Балғабай, Балта, өз ұлы Секердің еншілес інісі Айдар, Барақтың батыр ұлдары және басқа да ағайындар тұтас атқа қонды. Өздерінің тобын көбейте көрсету үшін алдарына жылқыларын шаңдата айдады. Мұндай қиын-қыстау шақта жоңғар қалмақтарының қашатын жолы белгілі. Сайрамнан шыққаны қалайда Қаратөбені басып өтеді. Қалмақтар күйінген жауының қалың шаңынан ешнәрсені айыра алмады. Басқа амалы болмаған соң түйелерін шөгере салып, зеңбіректен төбеге қарай үсті-үстіне оқ атты. Қалмақ қолы көптеу еді. Бетпе-бет шайқасқа келсе, қазақтарды жайпап, таптап кетуі кәдік. Оның үстіне күндей күркіреген қос зеңбірегі және бар. Секер, Барақ тобы жан үшін еш малын аямай, үріккен жылқысын үйіре қуалап, паналап, қалмақтарға жақындай түсті. Көп қалмақ қалың жылқының арасында қалып, шаңға көміліп жатқанда ағайынды Секер мен Барақ жанкешті шеріктер қорғаған зеңбірекшелерге әзірейілдей ақыра ұмтылды. Бірақ аңдыған жау қапысын тауып, ағайынды қос батырды тура зеңбірекпен дәлдеп атып, быт-шытын шығарды. Осыны өз көздерімен көріп қалған Нар мен Тайлақ қылыштарын оңды-солды сермеп, әуелі шеріктерді, артынша зеңбірекшілерді турап тастады. Зеңбірек үні өшкен соң қалған қалмақтардың көңіліне қорқыныш кіріп, тұтқын өзбек қыздарын да, артқан дүниелерін де тастап, жансауғалай қашты… Қырқадан қиқу төгілді. Омақасқан аттар, жанында ыңырсыған жандар көбейе бастады. Бұл кезде қалмақтардың Сайрамдағы қатыгездігінен хабар алған қалың қазақ қолы Қаратаудың әр түкпірінен ағыла бастады.
Төле би бастаған ел ағалары ұрыс аяқтала жігіттерін түгендегенде шығын шамалы екендігін біліп, шүкір етті. Тек Дулатқа ғана емес, үш жүздің баласына белгілі Секер мен Барақтың қайғылы қазасы бәрінің де қабырғасын қайыстырды. Екеуі де көкжал Барақтың қарындасынан туған айтулы батырлар еді. Әкесі Қоғыл да кіші жүз қолымен бірге Еділ бойындағы Астрахан қаласын жаудан қорғауда қаза тапқан. Қоғылмен жан жолдас болған кіші жүз Тайлақ батыр досының екінші туған ұлына Секер деген есімді азан айтып өзі қойған. Кейін Қоғыл Астраханда қаза тауып, қос ұлы жетім қалғанда, Тайлақ батыр бозбала Бараққа ер жеткенде өз қарындасын қосқан. Тайлақ батырдың қарындасы туған тұңғыш ұлына Нар есімі беріліп, екінші ұлы нағашысының құрметіне Тайлақ аталған-ды.
Қазақтың қас батырларының қаны араласудан туған осы Секер мен Барақ батырдың қабат қаза табуы Қаратаудағы ғана емес, сонау Ертістегі, Еділ мен Жайықтағы ағайын-жұрттарды да еңірететіндей еді. Осының бәрін оймен шолып, көңілінің көк дөненін әр тарапқа жүгірткен Төле би аласапыран қауырт соғыс кезінде қайғылы қазаны елге ерекше естіртуді көздеді. Қазақ жігіттерінің арасынан күйші, қобызшы, сыбызғышыларды, от ауызды, орақ тілді жырауларды іздеді. Бірақ бәрінен бұрын әкесі мен ағасының өліктері жанында сыбызғымен сай сүйекті сырқыратар бір сұмдық қайғылы сазды қайта-қайта тартып, еңіреп тұрған Тайлақ қарекеті би назарын өзіне аудара берді. Тыңдап көрсе, сыбызғының өзі жоқтап, жырлап тұрғандай: «Секер, Барақ әкекем, Секер, Барақ әкекем» – деген сөздер сыбызғы тілімен айтылғанда, ет-жүрегің еріксіз елжіреп, тұла бойың шымырлап, көзге өзінен өзі ыстық жас үйірледі. Секер мен Барақ денесі, Ойрантөбенің қақ басынан ойыла қазылған екі қабырға аруланып қойылды. Тайлақ сыбызғымен де жылайды, сыбызғысыз да жылайды. Қаралы топ Қаратөбенің шығыс жағындағы ауылға қарай беттеді.
Нар мен Тайлақтың жалғыз ғана бойжеткен қарындасы бар еді. Жау шапқанда үйлерін жығып, Сайрамсудың жағасындағы қамысқа тығылған жұрт арасында тұғын. Саққұлақ қыздың бар зейіні сыртқа ауған. Бір кезде әлдеқайдан сыбызғы сазы талмаусырап жеткендей. Неге екені белгісіз, сыбызғы сазы жақындап, күшейген сайын көзі шылауланып, моншақ жастар бетін жуып барады. Сыбызғыны Тайлақ қана осылай тарта алатын. Көбінесе күйлері ойнақы, қуанышты келетін. Тайлақ сыбызғы шалғанда бар әлем саз бесікке бөленетін. Сыбызғы үнін естіген қыз-келіншектер есінен ауып, Тайлақтың соңынан қалмайтын. Өзі батыр, сұлу да өнерлі жігітке бұл төңіректің қазақ, қырғыз, өзбек қыздары ғана емес, қалмақ арулары да шетінен түгел ғашық-ты. Бұл жолғы сыбызғы үні тіптен бөлек. Қаралы да, қайғылы да… «Япыр-ау, мына сыбызғы не дейді?» деп, жанындағы жұртқа қарап, сыбызғының сиқырлы сазын хатша оқығандай қыз өз-өзінен жоқтау айта бастады: «Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ қойылды! Секер, Барақ әкекем, Секер, Барақ әкекем! Пай, пай, батырым, Берекем, әкем, ақылым»! Әлі ешкім келіп естіртіп, қаза жайын айтпаған соң қыздың мына жөнсіз көрінген жоқтауына жұрт ұрсып жатыр. Бірақ оған көнер қыз жоқ: «Әкем ағайынды екеуі бірдей өліпті. Үйді тез тігіндер! Қаралы түңлігін жабыңдар», – деп бұйрық айта бастады. Шынында да артынша ауылға ат қойып, «бауырымдап» келіп құлаған ағайындарын көргенде қыз сөзіне ешкімнің күмәні қалған жоқ.
Секер-Барақ ауылына шұбаған жұртта есеп жоқ. Сайрамның бар өзбектері көшіп келгендей. Тұтқыннан босатылған 350 қыздың біреуі де қалмай келіпті. Бір өзбек ақсақалы Төле биге, басқа ауыл ағаларына көңіл айтқан соң тосын тілек білдірді: «Қазақ ағайын, ерліктеріңізге ризамыз. Бізге де азаттық әпердіңіздер. Мына 350 қыз қалмақтардың тұтқынында кеткенде әлдекімдердің күңі болып, өмірлері өксумен өтер еді. Бәлкім, талайы өліп те қалар еді. Сайрам тұрғындарының атынан айтар тілегіміз – қаза болған Барақ батырдың қос ұлы мына 350 қалыңдықтың таңдағандарын қалың малсыз-ақ қазір алсын. Бәріміз де түбіміз бір туысқанбыз. Құдалығымызды одан әрі жалғастырайық! Соғыс кезінде өлу де тез, үйлену де тез. Қуаныш пен қайғы аралас. Көп күтуге жағдай жоқ. Төле би мен Қойгелді батыр қолбасшының бәтуасы бәріне белгілі. Күйеуі қаза тапқан жесір әйелдің азасы қырық-ақ күн. Ерінен екіқабат болса, босануын күтеді. Жүкті болмаса бір әмеңгерін таңдап қосылуы тиіс. Өйткені, өлген шейіт жігіттердің орнын толтыру үшін тезірек бала табуы керек!
Барақтың үйленіп үлгерген үлкен ұлы Нар тартыншақтап, өз жолын інісі Тайлаққа берді. Түп нағашысы көкжал Бараққа да, туған нағашысы кіші жүз Тайлақ батырға да бар тұлғасымен тартқан алып денелі 17 жасар Тайлақтың бітімі бөлек еді. Мойны денесімен тұтаса біткендей. Мойын бұрып қарамайды, тұтас денесімен бірге бұрыла көз салады. 350 қаракөз арудың бәрі де Тайлақтың сыбызғышылық өнеріне де, көркіне де қанық. Ал, шексіз ерлігін кеше өздерін қалмақ тұтқынынан босатқанда көздерімен көрді. Енді міне, сол жігіт біреуін жар ретінде таңдауы тиіс. «Жаңылмай мені тапшы» дегендей үздіге үміттенеді. Қыздардың көркі бірінен-бірі өтеді. Кешегі қосақталған күйіндегі алба-жұлба ешқайсысы жоқ. Қырық тарам етіп өрген шаштары саудырап, шолпылары сыңғыр қағады. Қатар тұрған қыздардың жанынан алғашқы ет қызумен өте бере қалың жауға шапқанда селт етпеген жігіт жүрегі дүрсілдеп ала жөнелді. Қай қызға қараса да көрікті көзін қарықтырғандай…
Төле би жас жігіттің көңіл-күйін ұққан еді. Өзбек ағайындарға қарап:
– Қыздар бір-бірінен өткен сұлу екен. Ағайындар, біреуін өздерің таңдап беріңдер. Тайлақтың некесі дәл сол қызбен қиылады, – деген бәтуа айтты. Әлбетте, Төле бидің өзі құдалық сөзін айтып тұрған соң сайрамдық ақсақалдар кеңесе келе әрі текті, әрі көрікті бір аруды атады. Қолбасшы Қойгелді сол жерде-ақ екі жастың некесін қиды. Сөйтіп, жаназаның қонақасына үйлену тойы ұласты. Қайғы мен қуаныштың бір-бірімен астасып кеткені көңілге қаяу түсіргенімен, тірі адамның тіршілік қамы амалсыз жалғасты.
Жұрт тамақтанып, сусын басқан соң Төле би тағы сөйлеп кетті:
– Ағайын, жайғасып отыратын уақыт жоқ! Қайта шапқан жау жаман! Қашқан жауды соңынан түре қуып, жоңғар қақпасынан асырып тастайтын қолайлы шақ келді. Ар жағынан қытай патшасы жоңғарларды жәукемдеп жатыр екен. ЕндІ қалмақтардың бізге баяғы кигізген қанды таз кепешін өздерінің басына қайта кигізуіміз керек! Сиқым ағайын! Бүгін қазаны да, тойды да бастан өткеріп жатырсыздар. Дулаттың төрт көзі түгел екен, әрі осында исі қазақ баласының көп атасынан өкілдер отыр. Баяғыда жоңғар түре қуғанда тірі қалғандары Қаратаудан жылай асып, Сырдариядан да өтіп кеткен едік. Шүкір, Аңырақай жеңісінен кейін есін жинаған елдің біразы ата қоныстарын қайта тапты. Енді сенің кезегің келді, ұлы жүз! Майқы бабам белгілеп беріп кеткен мекенімізге оралуымыз керек! Дулат атам билеген Жетісу жеріндегі жайлауымызға тезірек жетейік!
Жоңғарлармен айқаста төрт Дулаттың үш баласы өздерінің бас батырларын тауып, олардың атын ұранға айналдырды. Тек аға баласы сиқымдар ғана ұрансыз, оған сиқым қолын бастаған Қарабатыр лайық еді. Амал не, Аңырақайдағы айқаста жараланып, қаза тапты. Одан туған Шінет бидің көсемдігі де, шешендігі де, батырлығы да жеткілікті болғанымен, ол да шайқаста көз жұмды. Енді міне, жоңғар қоңтайшысының Қошқарата-дағы ордасын ойрандап, талай жерді, талай елді ата жаудан босатып, осында Рысбек батыр қалың қол бастап келіп отыр. Жас болса да көп сиқым баласының ішінде ерлігімен ерекше танылды. Соған бата берсем деймін. Қолдарыңды жайыңдар! Ла-ил-лаһа-ил-алла! Айналайын, Рысбек! Жас болсаң да бас бол! Өз ісіңе тас бол! Сиқымдардың ұраны бол! Алты алаштың ұраны бол! Бір қазақтың нанын же, бар қазақтың қамын же! Жау таптаған жеріңе ие бол! Тарыдай шашылған еліңе ие бол! Аумин! Аллаһу әкпар!..
Бата беріліп, бетсипасқан соң жауынгерлер атқа қонды. Осында елде қалатын Төле би тағы бір өзгеше өтініш айтты:
– Ағайын, арттарыңнан ілесер ел болса, түйелерін қомдап, үй жүктерін теңдеп, көше берсін! Жаудан босаған жерге бұрыңғы қонысым еді деп таласпай, алғаш шаңырақ көтергендерің ие боласыңдар. Бұл жағын қалың қолды бастайтын Қойгелді қолбасшы өзі реттер. Тайлақ батыр, сен әкеңнің жетісін беріп, қалыңдығыңмен ет жақын танысып болған соң мына қолдың артынан қуып жетесің!
Қойгелді бастаған қалың қол қалмақтарды қуа-қуа жоңғар қақпасына жетіп, Жетісудағы ата-қонысты жан-жақтан жеткен жауынгер ағайындармен бірге босатысқан соң елге күзге таяу ғана оралды. Жоңғар қақпасын күзетуге үйленбеген жас жігіттер мен елуден асқан азаматтар ғана қалды. Жеке басты, жаңа үйленген, ауру-сырқау қарт жауынгерлер түгел қайтарылды. Солардың ішінде Тайлақ та бар еді.
Батыр жігіт туған жеріне келгенде қарындасы қос шейіт Секер мен Барақты жоқтай-жоқтай жырын дастанға айналдырып жіберіпті. Бірақ, өзі де жүдеп бітіпті. Күн сайын іргедегі Ойрантөбе басына шығып жоқтау айтып қайтпаса, көңілі көншімейтін. Тайлақтың да көңілі нілдей бұзылды. Бұл арадан қоныс аудару керек деп шешті. Дәл осы Ойрантөбеге табиғаты ұқсас жерді Әулиеатадан асып, Ақыртөбеге жеткенде Жарлысу, Сардала деген жерден көрген. Іргесінде Алатау, мөлдір бұлақтар. Аға шешімін естігенде қарындасы тағы қыстыға жылады:
– Ойрантөбе, Көктөбе (Қаратөбеде көк аршалар көп өскендіктен, өлеңді Көктөбе деп ұйқастырса керек), енді бізге жоқ төбе, – дейді байғұс қыз атамекенімен қоштасып. Секер мен оның еншілес інісі Айдар балаларын ертіп Тайлақ сол күзде қоныс аударып, көшіп кетті. Ал, ағасы Қордайдан асып, Ақтерек аймағын жайлады. Қазір екі батырдың да ұрпақтары сол жерлерде өсіп-өніп жатыр…
Ойрантөбе, Қаратөбе елді мекенін жайлаған Тоғатай балаларын 1913 жылы Ресейден көшіп келген мұжықтар ығыстырып, империяны билеген Романовтар әулетінің 300 жылдығына орай, Николай патшаның құрметіне Романов селосы деп атады. 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін күштеп ұжымдастыру кезінде бұл төңіректегілер «Советский» ұжымшарына (колхозына) бірікті. Патша тақтан құлаған соң Романов атауы Ойрантөбе, Қаратөбеден көшкенімен, осы жерде қазақ елінің азаттығы үшін қаза тапқан Секер мен Барақтың аттарын атауға да тиым салынды. XVIII ғасырда еліміздің тәуелсіздігі үшін күресіп, шайқаста қаза тапқан Секер мен Бараққа, олардың ерлігінің өтеуі ретінде әлі күнге дейін осы ауылдағы 4 мектептің біріне де, тіпті он шақты көшенің (бұрын атауы болмаған) біреуіне де батырлардың аты бұйырмапты. Тек Секер мен Барақ батырлар көзі тірісінде баласына арнап қаздырған Тайлақ тоғаны бар деседі.
Бұл мәлімет 06.12.2011ж отырар.кз сайтында жарияланды. Сілтемесі төменде.
https://kz.otyrar.kz/2011/12/ojrant%d3%a9be-o%d2%9bi%d2%93asy/#
P.S. Секер мен Барақ батырлардың әкесі - Дуанұлы Қоғыл батыр, елін қазақ батырларымен бірге Алтайдан Астарханға дейін жаудан қорғаумен айналысқан. "Ерлердің ісі бітер ме" демекші, Қоғыл жаугершілікке кетсе кем дегенде бір-екі жылда зорға еліне келеді екен. Ол еліміздің қазіргі батыс шекарасы жақта (Астархан маңайында) қалай қаза тапты деген сұраққа жауап алу үшін жоғарыда есімі аталған Кіші жүздің танымал батыры - Тайлақ батыр жайлы деректің пайдасы бар:
https://e-history.kz/kz/prominent-figures/show/12577
Кіші жүздің Әбілқайыр ханы елімізді 1723 ж. шапқан жоңғар мен Еділ бойының қалмақтары қосылып кетсе - қазаққа не әкелетінің жақсы білді. Соңдықтан тез кимылдап бар күшін алға салып Жем, Елек, Қобда бойын қалмақтардан босатып, Жайықтың екінші бетіне қуып шықты. Әбілқайыр ханның басшылығымен бұл шабуылдарда жүрген қазақ әскерінің қолбасшысы Тайлақ батыр болатын. Жалпы Жабалғайлы Тайлақ батырдың еліміздің оңтүстігінде тұрып жатқан қазақ елімен тығыз қарым-қатынаста болғанын көруге болады. Қайын-жұрты - жоңғардың қолынан қазіргі Бәйдібек ауданда (Түркістан обл) әулетімен қаза тапқан найман Жомарт батыр, жиені - ошақты Саурық батыр.
Сикым Қоғыл батырдың қазасына келер болсақ, менің пікірімше бұл тұлға өзінің жан досы (жоғарыда айтылғандай Секерге ат қойған, Бараққа өз қарындасын қосқан) - Тайлақ батырдың қолында Еділ қалмақтарына қарсы шайқастың бірінде (ел ауызында сақталған дерек бойынша - Астархан жақта) жарақат алып көз жұмған.
Айта кеткенім жөн болар, тарихымызда еліміздің шалғай қиырынан келіп Шымкенттің маңында шайқастарда қаза тапқан батырларымыз да болды. Мысалы, 1680жж Сайрам үшін жаумен ұрыста каза болған қазіргі Ақтобе облысының тумасы, "көріпкел" Мөңке бидің батыр атасы мен әкесі (бұл тарихи түлғаларға арналған мемориал Шымкент қ-ның Қажымұқан стадионының аумағында тұрғызылған). Елімді жаудан қорғаймын деп алыс жорыққа аттанып оралмаған/аттары ескерусыз қалып қойған батырларымыз әлі қаншама.
Айтпақшы халқымыздың "Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтің ер қайдан шығады" деген сөзі бар емес пе, қарияларымыздың Секер мен Барақ батырларды ұлықтау ұсынысын толықтай құптаймыз. Қоғылұлы Секер мен Барақ батырлардың есімдері тек Қаратөбе ауылындағы бір көше/мектепке беріліп қана қоймай, төңірегіндегі Сайрам кентінің аумағында да, Шымкент қаласынын картасында да болу керек. Өз өмірлерін қыип құтқарған 350дей өзбек қыз-келіншектердін ұрпағы да Дулаттың бұл батырлары туралы біліп жүрсін! Өзімде биыл Секер мен Барақ батырлардың басына барып зиярат етуге ниетім бар. Реті болса қосымша бір видео мен фото саламын. Ендеше аман-сау болыңыздар!