Қазыбек бидің шөбересі Мәди Бапиұлының қырғыз манабына сәйгүлік үшін Арқадан барып қайтқаны, мәрттігі жайлы. Дулат Жаныс Жақсыбай атаның шөбересі ауызынан

Ютубта анда-санда Қуат Ахметжанов есімді азаматтың бейнероликтерін қараймын. Көбінесе олар аудиокітап түрінде шығады. Жалпы өзіме ұнайтын бір канал, мағыналы дерек пен тарихтың кейбір сырын сол жерде білесін.

Жақында "Арқадағы Қарқаралы өңірінде өмір сүрген Қаракесек Мәди атамыздың басынан өткені" деген хикаяны тыңдағанмын. Ол Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы - Мәди Бапиұлы (1880 - 1921жж) жайлы. Қысқаша айтып берсем Мәди жүйрік аттарды жақсы көретін. Бір күні қырғыз манабының біреуінде "желмен жарысатын" арғымақтың бар екенін есітіп күзде жолға шығады. Арқадан Шудың бойына жетіп алып сол жерде жалғыз қараша үйге барып аялдап тыңығып алады. Шанырақ иесі Дулат Жаныстын Жақсыбай есімді ақсақалы, үйінде әйелі мен екінші ұлы Асылбай бар. Құдайқонаққа қой сойып етін пісіріп күтеді. Мәди қырғыз еліне бағытты сұрап Асылбайға батасын беріп үй иесіне алғысын айтып қайтадан жолға шығады. Кейіннен Жолшыбай манаптың ауылына жетіп, оны өлімнен кұткарып алады да, манаптан арғымағын сұрайды. Манап оны 10 күн қонақ қылып күтеді де арғымаққа тағы 3 жүйрік атты қосып, қоржынға бағалы бір заттарды салып Сарыаркаға аттандырып жибереді. Мәди қайтар жолда Шуда әлгі Дулат Жаныстың үйіне тоқтап, бастан өткенін ақсақалдың отбасына айтып беріп, манаптан алған 3 атпенен дорбасын қалдырып арғымағына мініп Арқаға кетеді. Дорбасында қалдырып кеткен нәрсесі Жақсыбайдың жанүясына біраз жыл бойы азық болған екен. Осы хикаяны Жақсыбай ақсақалдың шөбересі - Айдар 2015 ж Қарағанды қаласында Ардақ есімді кісіге айтып берген. Аудиокітаптың видеосы төменде:

Жалпы Мәди Бапиұлы ұзақ әрі бақытты ғұмыр жасаған жоқ, 1921 ж бір большевиктін қолынан оққа ұшырап 41 жасында қаза болды. Екі әйелінен де бала көрген жоқ. Қысқа өмірінде өз ағайыннан біраз қорлық көргені де болды, ол жайлы интернетте оқи аласыз. Дегенмен Мәди Бапиұлы тұлпардың хикаясы мен мәрттігімен халықтың ауызында қалды!

FaLang translation system by Faboba