Жаныс Жамбай бабамен еліміздің көк туы арасында қандай байланыс бар?

Былтыр Жамбай баба жайлы қысқа мақала жазған едім. Содан бері маған келіп түскен қосымша мәліметті мына бөлек жаңа бір мақалада шығарғанымды жөн көрдім. Айтпақшы, тәуелсіз Қазақстан Республикамыздың көк туының авторы - аталмыш Жамбай бабаның Әулиеата өңіріндегі ұрпағы марқұм Шәкен Ниязбеков ағамыз! Алматы қаласының гербы де Шәкеннің туындысы. Алматының Кенсай зиратында Бауыржан Момышұлына арнап мүсін жасап қойғаны да бар. Өзім осыдан бір ай бұрын Тараз жаққа барып қайтқанымда Шәкен Ниязбековтың ауылынын қасымен өткенімде бұл кісінің Дулатқа қатысы барын білмеппін. Сонда сол ауыл алдындағы үлкен флагштокта желбіреп түрған туымызды неліктен сол жерге қойғанын да білмеппін, ұят болды-ау, бір кем дүние ))) Ал енді Жамбай бабаның тарихына қайта оралсақ:

Дерекпен бөліскен МЫРЗАЛЫ ҒАЛЫМЖАН АЛТЫНБАЙҰЛЫ ағамызға және де бұл мақаланы шығаруға септігін тигізген басқа қазақ жандарға да алғысымды білдіремін.

"...Орбұлаққа дейін Батыр қоңтайшы қырғыздарды 50 мың қолымен шауып, 10 мың тұтқынды қол-аяғын кісендеп айдап келе жатқан. Осы жеңісіне масайрап, Жетісуды баса-көктеп, талап-тонап, оңай олжаға кенелмек те ойы болған. Жері шүйгін, суы мол тау ішіндегі қолайлы жер Үйгентастың белі арқылы, Аралтөбе мен Қоғалыны тіке басып, Қараталға қарай өтсе, Жетісуды оңай шауып, олжалап өз ұлысына қарай асып түсуге болады. Қазақ қолы қоңтайшының бұл айласын алдын ала түсініп, көп шығынға жол бергізбей, алдын кесіп, қос бүйірден қысатын жерге тосқауыл қоюды ойластырған.
1643 жылғы маусым айының аяғында қоңтайшы әскерінің алдын Белжайлауға жеткізіп, бас-аяғын шілденің бас кезінде жинап алып, қазақтарға қалың қолмен шабуыл жасауды ойластырған. Олар Салқам Жәңгірдің жауынгерлері жолын бөгеп, соншама тосқауыл болып, төтеп береді деп күтпеген. Осы аз ғана уақытты қазақтар тиімді пайдалануға жанталасып, Самарқандағы Жалаңтөс баһадүрге шұғыл хабар беріп, тез жетуін өтінген. Өйтпесе Жетісу бойын күші басым қоңтайшы әскері қанжоса етіп, жайпап кететінін түсінген.

Міне, сол Самарқаннан шешуші сәтте көмекке жеткен Жалаңтөс баһадүр қосынының ішінде Жаныс Жайылмыстың үш ұлы Қыбырай, Жамбай, Қожамберді де болғандығын талай құймақұлақ шежіреші қарттардан сан рет естігеніміз бар-ды. Самарқан облысында Жамбай атаның қыстауы бұл күндері Жамбай қаласы атанғаны да ел үшін мақтан. Сол Жамбайдың ағасы Қыбырай атында Ташкент түбінде мекен бар.

Ал, Қожамберді – атақты Төле бидің атасы, Әлібек бидің әкесі. Міне, сол ағайынды Қожамберді, Жамбай, Қыбырай, өздерінің туысы Сырымбет (Өтеген батырды өмірге әкелген Өтеғұлдын әкесі) соғысып жатқанда, Самарқаннан жиналып аттанғандығы туралы аңыздың ақиқаттығы архив деректерімен дәлелденген болатын. Ағайынды Қыбырай, Жамбай, Қожамберді қазақ халқының тәуелсіздігі үшін бастарын өлімге тіккен жауынгерлер болғандығына еш күмән жоқ. Орбұлақтағы шайқас – даңқы алысқа жеткен жеңіс! Орбұлақ түбінде үлкен жауынгерлер қолын бастап келген баһадүрлердің арасында Дулаттан тарайтын Жамбай батырдың да болғандығы ұрпақтары үшін де үлкен мақтаныш.

Қоянды тау шыңының шығыс жағында Күреңкейтау, Аламантау, Құяпатытау, Сары-тау, Боқан таулары иықтасып созылып жатыр. Көкжеті тауының арғы жағында жоңғарлар. Таудың жоталарында терең сай бар. Таудың етегімен келе жатқан жоңғарлар шұңқырға жайғастырылған қазақ жауынгерлерін байқамайды. Орбұлақтың қия беткейіндегі қойтасты паналап ор қазып алып,жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар сасықтекенің түтінегін де пайдаланады. Улы жебе қадалса, безгек тигендей сұлап түседі. Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін шөп. Шілде айында гүлдейді. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді. Сосын жағып өртейді. Жан-жаққа жайылған түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Мұны аңғармаған жау жапырып тастамақ болып лап береді. Олар осы кезде улы жебе мен улы түтінге ұрынады. Аузы-басын тұмшалап, ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлері улы түтінге тұншыққандарды шетінен жапырып шаба береді. Ал қазақтар уланса қымыз бен меңдуананы араластырып ішіп, тазарып алады. Аттары уланса тұмсығына құйрық маймен ұрып сауықтырады. Алғашқыда жаппай қырылып, біраз шығынға ұшырап не болғанын білмеген ойраттар біразға дейін естері шығып, беттемей қалады. Сөйтіп уақыт ұтқызып, көмек келгенше қазақтар біраз күнді оздырады.

Белжайлаудағы Итшоқы жотасының баурайында 1993 жылдың 3 шілдесінде мерейтойлық шаралар басталып, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев халқымыздың тарихи қаһармандығын қатысушыларға жан сүйсінерліктей әңгімелеп, ата-бабаларымыздың жанталасқан орасан зор ерлігіне бас игізіп, мақтан етті. Ел мен жерді қорғау, ұлтты сақтаудағы батырларымыздың қайсарлығы мен табандылығын, елу мың әскерлі қоңтайшыны бар болғаны алты жүз қолмен әдепкі кезде тойтарып, бетін қайтарғанын, Салқам Жәңгірдің әскери тактикасының үздіктігін айтып жарияға жар салды. «Солардан қалған белгідей... айлап-апталап бастарын ажалға тіккен ардақтардын жанына түскен жыртықтай, тәніне түскен тыртықтай боп атамзаманғы оқпана шұңқырлар әлі жатыр», деді дарынды жазушы Әбіш ағамыз.

Самарқаннан шешуші сәтте көмекке жеткен Жалаңтас бахадүр қосынының ішінде Жаныс-Жайылмастың үш ұлы Қыбырай, Жамбай, Қожамберді де болғандығын талай құймақұлақ шежіреші қарттардан сан рет естігеніміз бар-ды. Солардың бірі Жамбыл қаласында мектептерде, есеп-санақ техникумына директор болған педагогика ғылымдарының кандидаты, қазір марқұм болып кеткен Сейдуалы Амандосов Қазақстан өз алдына егемен,тдербес мемлекет болып жарияланғаннан кейін Өзбекстанның Самарқан облысына бірнеше адаммен барып Жамбай ауданындағы екі-үш шарушылықта тұратын туыстарымен қайта табысып келгенін жыр етіп айтқан еді. Сол Самарқан облысында Жамбай атаның қыстауы бұл күндері Жамбай қаласы аталғанында мақтан еткен болатын. Сол Жамбайдың ағасы Қыбырай атында Ташкент түбінде мекен бар. Халық әні «Қыбырайда» да «Келін болып түскен жерім қыбырай елі» дейді ғой. Ал Қожамберді – атақты Төле бидің атасы, Әлібек бидің әкесі. Міне, сол ағайынды Қожамберді, Жамбай, Қыбырай өздерінің туысы Сырымбет те (кейін Өтеген батырды өмірге әкелген Өтеғұлдың әкесі) соғысып жатқанда Самарқаннан жиналып аттанғандығы туралы аңыздың ақиқат архив деректерімен дәл келетіндігі таңдандырады. Ағайынды Қыбырай, Жамбай, Қожамберді қазақ халқының тәуелсіздігі үшін бастарын өлімге тіккен жауынгерлер болғандығына еш күмән жоқ.

Жамбай бабаның мәңгілікке көз жұмған жері Түркістан облысының Төле би ауданындағы Сұлтанрабат ауылына күнгей жағынан жалғас Жыланбұзған аулына іргелес жатқан зират ішінен қабірі табылған.

Бір қызығы – Жамбай баба бейітін табуға түрткі, болған осы Жыланбұзған ауылына тақау Бейнеткеш, Маятас, Шырақшы ауылдарында тұратын ұрпақтары емес, Ташкент уәлаяты (облысы) Бостандық ауданы Қызылсу ауылында тұратын зейнеткерлер – бұрынғы мұғалім Қарақұл Нұрлыбаев пен милиция майоры Мұқтар Төленбаев болып шықты. Бұл өткен ғасырдың сексенінші жылдары болатын.

- Біздің Бостандық ауданында негізінен қазақтар тұрады. Ата –баба әруағын қатты қадірлейді. Мазарларды өте күтеді. Бірде Текешов Құттыбай деген жолаушымен көздейсоқ ұшырасып қалғанда маған Төлеби ауданындағы Бейнеткеш ауылынан Сейтұлы Текей деген тоқсаннан асқан қария көмектесе алатынын айтқан еді. Шынында да солай болып шықты,- деді Қарақұл Нұрлыбайұлы.

Бұл күнде жасы тоқсан үштен асқан Текей қария:
- 1947 жылы жылқы бақтым. Көктемгі қымызмұрындық басқосуында Жамбай бабаның сүйегі Жыланбұзған іргесінде жатқанын Қарабала, Андас, Райымқұл, Тасқын, Жаңабай деген қариялардан естіген едім, - деді сеніммен. – Бұл сөзімнің растығын осы зираттың көрқау, шырақшысы мына Усманәли Умаров та айта алады.
- Мен 88 жастамын. Тегім – жаныс. Бірақ өзбек болып кеткенбіз. Бұрын осы зиратта нағашыларым көрқау болып көрген екен, менімен жетінші, балаларыммен сегізінші атадан шырақшыларымыз. Бұрын бұл жер Жамбай мазары делінуші еді. Сол мазардың орны мынау. Кейінірек 1880 жылы Мамашәріп деген әулиенің сүйегін осы жерге қайта жерлегелі «Мамашәріп мазары» атанып кетті. Осында Төле бидің Ниязбек, Қожамжар деген балаларының өздері болмасада ұрпақтарының талайы бақилық жай тапты.
Жамбай мазары осы жерде екенін дамолла Әлихан, Әбдірахым, Жұмабай ағалардан, Базарбай, Шынәлі, Ташполат аталардан, Рахымжан, Нодирмат және Умар бабалардан өз құлағыммен естігенмін, - деді зират шырақшысы Усманәли Умаров.

- Дәл осы сөзді Қарамыс, Жаңабай, Ақмырза, Елшібай, Үмбет, Дөненбай бабалардан да естігенмін, - деп қоштай түсті өзі де баба болған 93 жасар Текей Сейтұлы.

- Бұған еш күмәнім жоқ – деді Бейнеткеш ауылының ағасы Қапалбай Мырзақұлов. – Сонау көрінген Қаратаудың етегінде Әтей, Тіней бұлақтары, Дауылбай сайы деген жер. Әтейі,Тіней – Жамбай бабамыздың бір әйелінен көрген дихан ұлдары екен. Бұлақ жағасына су шығарып, егін салған, қауын-қарбыз еккен, бие байлап, қымыз ашытқан. Сол заманнан қалған «Өтей, Тіней жолда ма екен, сусыны толы сарыаяғы қолда ма екен?» деген сөз ел ішінде әлі ұмытылған жоқ. Түркістан, Жамбыл облыстарында сол Әтей, Тіней ұрпақтары тарады. Диқан бабаларымыз әрі-бері өткен жолаушыларды тегін сусынға қандырып, сауап алған берекелі кісілер болыпты.

Ия кеше Әулиеата, бүгін қайта Тараз атанған қаламызда сол бабалардан тараған Балпық деген атамыз Ресей империясының үшінші гильдиялы көпесі болған, сонау Иран, Ауғанстан, Қытай, Туркия елдеріне керуен жіберген. Кеңес үкіметі орнаған соң қуғын – сүргінге ұшырап, Жамбай бабаның мазары тұрған қыстақта қаза болды деп еді, - деді Балпық шөбересі, Омар немересі, Міржалалұлы Аманкелді.
-Балпық атамыздың сүйегі де дәл осы зиратта жатыр,- деді Текей қария.
-Япырай,ә? Жарықтық бабасының жанынан жай тапқан екен ғой. 1932-33 жылдардағы ашаршылықта әке-шешелері шыбындай қырылған жетімдердің талайы Әулиеата қаласында. Жамбыл облыстық мұғалімдер институтының талай жылдар басқарған Сауранбай Төленбаев қария, Балпық жарықтық тікелей ұрпағы суретші Шәкен Ниязбеков - тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық туының авторы. Орбұлақ түбіндегі шайқасқан Жамбай бабасының тәуелсіздік жолындағы күресінің игі жемісіндей осындай туымызды желбіретіп отырғанымызға да шүкір.

Жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен Жамбай бабаның Құлтас атты ұлынан тараған ұрпақтары Өзбекстанның Самарқанд, Ташкент облыстарында тұрса, қызы Ақбикеден өрбігендері Түлкібас ауданында Нөкіс Жамбайлар атымен белгілі. Кешегі Еңбек Ері Әзімбек Исмаилов, бүгінгі Түркістан университетінде еселі еңбек еткен академик Сайлау Шалқаров сияқты бүкіл қазақ елі мақтан ететін ұл-қыз ұрпақтары аз емес.

Жамбай ұрпақтары Қазақстан тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен жауынгер бабасының зиратына мазар тұрғызуды қолға алды. «Өлі разы болмай тірі байымас» дейтін дәстүрмен тапшылық жағдайында да осыған бел байлап, олардың ата ерлігіне лайықты туғандығын көрсетті.

«Жамбай-Жаныс,
Болдық таныс.
Болғанда жаңа таныс
Кетпе алыс»,
- деп әндетуші еді бұрын әке-шешелеріміз. Жамбай бабаның баяғы жоңғар-қазақ соғысы кезінде адасып қалған ұрпақтары 300 жылдан соң қайта табысып, енді бір-бірінен қол үзіспей, аталарымыз ерлік, елдік дәстүрін жалғастыруға баталасып қайтысты.

Енді Жамбай ұрпақтары туралы сөз қозғап көрейік. Құлтас, Бектас, Әтей және Тіней аталар дүниеге келеді

Құлтас, Бектас атaлaрдaн тараған ұрпақтары Өзбекстанның Ташкент облысы, Бостандық ауданында және Шыршық қаласының аумағында мекен еткен. Бостандық ауданындагы Жамбайлар Шыршық өзенінің оң және сол жағалауында Қаржан тауының етегіндегi Қосмола тауының күнгей саласында Қызылсу ауылында, Азатбас ауылында, Керегетас елдімекенінде т.б елдімекендерде тұрып жатыр. Жайылмыс Жантудың үшінші баласы яғни Өтеміс Байыстан кейінгі перзенті. Жайылмыс ( батыр ) да өз заманында жоғары діни білім алған сауатты азаматтардың бірі болған. Оның үстіне ірі саудагер , алдын Ташкент төңірегіндегі ірі саудагерлермен бірге Шығыста Қытай, Үнді т.б. батыста Астрахан, Сарытау ( Саратов ) т.б. қалалармен сауда - саттық жасаған Ташкенттегі саудагерлердің көсемі саналған. Қожа Ақбармен бірнеше рет сауда жасап қайтқан. Осылайша арадағы достық нығая түсіп сол сапарларының бірінде Қожа Ақбармен Жайылмыс құда боламыз деп уәделеседі. Уәдесінде тұрып , ортаншы перзенті, енді ғана Бұхара медресесін бітіріп қайтқан Жамбайды Қожа Ақбардың Мукарама деген қызына үйлендіреді. Сол Мукарамадан Құлтас, Бектас деген екі ұл туылады.

Жамбай ата қонысы қазіргі ТашГРС пен Қадірлік арасындагы жазық далада болған. Осы қонысынан Қаржан тауының күнгей беті Шыршық өзенінің солтүстігіндегі Мыңбұлақ, Керайғыр жайлауларына көшіп баpa жатқанда Керегетасқа келіп түнейді. Сол күні Мукарама анамыз толғатып,таңға жуық ұл туады . Дүниеге келген перзентке есім қоюдан алдын Жамбай ата бұл түнеген жердің аты қалай аталады деп жергілікті халықтан сұрайды. Жамбайдың бұл сұрауына жергілікті халық өкілдері бұл елді мекеннің аты «Керегегас» деп жауап береді. Сонда ойға шомған қасиетті атамыз бұл жердің кереметі болса керек , киелі жер екен деп баласының атын да сол жердің атын ұйқастырып Құлтас деп қояды . Керегетастың кереге сөзін өшіріп Алланың құлы болсын деген ниетпен тас сөзінің алдына құлды қосып жазады . Осындай шешімге келуі дүниеге келген баланың басы тастай берік болсын дегені болса керек. Жамбай ата жаз бойы жайлауда болып, қыраулы қыста қысқы қонысқа қайта оралу қиыншылық тудырғандықтан оның үстіне екі араның ұзақтау болғаны себебінен бір күзде қазіргі Қызылсу өзенінің бойында қоныс теуіп қалады . Бұл жер мал қыстатуға да ыңғайлы екен, ауа райы да айтарлықтай қиыншылық туғыза қоймайтынын сезген болса керек ,осы елді мекенді қысқы қонысқа айналдырады . Бір қызығы бүгіні жауған қар ертеніңе-ақ суырылып жер қарайып қалады екен. Міне осы қасиет жылқы мен қой үшін таптырмас жай емес ие! Осыдан кейін Қызылсу өнірінде көп жылдар бойы қоныстанады. Сауда жұмысын да осы жерден (бастайды. Қалаға жүн,тері,астық,жеміс-жидек сатып, қаладағы дүкеншілерден қант,шай тағы басқа заттармен айырбас жасайд. Осылайша жағдайлары оңалып кетеді. Малдары көбейіп, саудасы ірілене бастағаннан кейін үлкен- үлкен қалалармен ,оның сауда орталықтарымен байланысып, байлығы арта түседі.

Жамбай ата өз қаражатымен жергілікті халықтың басын біріктіріп Қызылсу өзенінің суын үлкен арық жасау арқылы жерді суландырды. Бұл арық бүгінге дейін «Жамбай арығы» деп аталып келеді . Қия жерге үй салдырып, баурайына бау ектіреді, тегістеу жерлерге жазық алаңдарға егіс үшін қажет деп үй салдыруға рұхсат бермейді. Ол кезде Қызылсу ауылының шекарасы Үштас сайы, соның Шыршыққа қосылған жерінен бастап Мыңбұлақ тауының күншығысы, ал бастысы Әулиесудың Шыршыққа қосылған жерінен тура Қосмола тауының үлкен шоқысына дейінгі, Оңтүстігі Әулиесу өзенінің Шыршық өзеніне қосылған жерінен Үштастың суына, яғни Шыршыққа қосылғанға дейінгі аралық болған.

Қызылсу ауылының жері құнарлы , жайылымы шалғын ,тау бөктерінің бауыры толған жабайы алма , алша , долана , жаңғақ т.б. да жеміске бай өңір . Суы да мөлдір тұнық , шипалы мекен . Жамбай атаның саудасы ірілене түсіп қарамағындағы малы көбейіп, мол байлыққа ие бола бастайды . Енді ол сауда жұмысын шығысы Қытай, Үнді, батысы Еділ өзенінің бойына, тіпті Румға дейін сауда саттық жасап қайтады екен. Керуенге артылған дүние –мүліктің толық сақталуы үшін қорғайтын жасағы да болған..Бір шеттегі Шыршық өңірі Жібек Жолынан оқшалау жатқандықтан, негізгі қонысты Қазығұрт тауынынң етегіне ауыстырады. Бір жерден бір жерге көшудің қоныс аударудың оңайлыққа соқпайтыны белгілі. Оның үстіне сол жерге бауыр басып, қимастық сезімі ұялаған соң үдере көшу әлбетте ауырлау. Сондықтан ба ел аузында Жамбай ұрпқтарының осы қоныс аударуға байланысты қалған мынадай: »Күнгейі күміс ,теріскейі алтын, суы шипалы жерім-ай, өзгеге қайтып қиямын.» деген сөз бар. Осы қасиетті өлкені иесіз қалдырмайын деген болса керек, Жамбай ата екі баласы Құлтас пен Бектасты осында Қызылсуға қалдырады.

Қазығұрт өңіріне көшіп келген жылы қыс аязды болып, қар қалың жауады. Қыстың соңы жұтқа айналып, Жамбай атаның қорадағы қойлары қырылып,жылқысы аштан өледі. Қойшы таяқ ұстап, жылқышы ер жастанады. Енді Жамбайдың азамат болып қалған баласы Әтей сол өңірде тұрактын бір атақты байдың қойын бақса, Тінейі жылқысын бағады. Жаз жайлауда жүріп егіз туған қозының біреуін жасырып,өзіне жақын саналған қойшылардың қойына қосады. Ал Тіней болса байдың жүз биесі құлындаса, он – он екісін байдан жасырып жаз жайлауда бірге отырған жылқышы достарына апарып қоса береді. Осылайша бес-алты жыл өтпей -ақ өздері де мен деген байлардың қатарына қосылады. Балаларың арқасында бай қатарына қосылған Жамбай ата Қазығұрт бауырынан қоныс аударып, Қызылтөбеге көшеді . Осы бір төбенің «Қызылтөбе» деп аталуының себебі айналадағы төбелерден бір ерекшелігі, күні бүгінге дейін мамыр айында бұл төбе түгелдей қып-қызыл қызғалдақпен көмкеріліп жатады екен.Осындағы Үшбұлақ пен Шырақшы арасы малға жайлы,әсіресе Ұлы Жібек жолына жақын құтты қоныстардың бірі еді. Байлар қатарына қосылған Әтей мен Тіней сауда жұмысымен айналыса бастайды. Бұлардың бай болуына басты себеп өздерінің еңбегі мен атақты байдың қозы-құлыны екендігі есіне түсіп, бұл » күнәні» қайтсек жууға болады деп ой туады. Сөйтіп ,ғұлама саналған молдалар мен сөзі дуалы қарттардан сұрауды жөн деп табады. Олардың берген жауабын мақұлдап «күнәдан» пәк болу үшін жол бойына қауын-қарбыз егіп, өсіріп оны арылы-берілі өткен жолаушыларға тегін таратып беретін болған . Сол жолдың бойына «Дауылбай бастауға» Керуен сарай құрып , жолаушыдан түнегені үшін ақы алмайды екен. Осылайша қарттардың аталы сөзін басшылыққа алып Қызылтөбедегі қонысындағы «Дауылбай бастаудың» суы Керуен сарайдың ортасынан өтеді. Олар еккен қауын мен қарбыз жолаушыға да, жергілікті халыққа да ақысыз беріліп Әтей мен Тінейдің аттары барша жұртқа мәлім бола бастайды. Сонымен қатан көлігі, көшіндегі түйелеріі мен аттарына жем-шөп , тұрар-жайы ақысыз беріледі. Керуеншілердің шаршаған көліктерін, яғни түйелері мен аттарын осында қалдырылып, сапарынан қайта оралған кезде тыңайған мал-мүліктерін қайтып алып, еліне қайтатын болған. Осындай қайырымдылық пен дархандық жасаған бабаларымыздың аты маңайдағы елдерге тарайды . Ел ішінде «Алтын алма — алғыс ал, алғыс- алтын емес пе » деген сөз бар емес па, бұл жасаған қайырымдылықтары Жамбай баба аттарын көкке көтереді. Жібек жолындағы керуеншілердің оларды барлығы құрмиетпен қарайтын болған. . Керуен сарайға қонған әрбір жолаушы ағайынды екі жігіттің меймандостығы мен жомарттығына әбден риза болады. Ел аузында осы күнге дейін мынандай сөз сақталып келеді . « Әтей , Тіней жол да ма екен , Сары аяғы қолында ма екен ?! » Осылайша дуалы ауызды адамдардың батасын алған Әтей , Тіней аталарымыз санаулы жылдың ішінде дәулеті асқан атақты байлар қатарына қосылады . Енді қарамағындагы малы «Дауылбай« бастау төңірегіне симaған cоң, үлкен жайылым іздей бастайды . Керуен сарайға үлкен ұлы Құлманбет пен Өтенге қалдырып, Тараз шаһарына қоныс аударады. Тараз - сол кездегі ең ірі сауда орталығы екендігі көпшілікке мәлім, атақты сауда орталықтары қатарына қосылған мекен болды. Бұл қалаға сауда жасау үшін Үнді елінен Қытайдан, Ираннан, Самарқанттан, Астраханнан, Ресей елінің барша қалаларынан саудагерлер тынбай келіп - кетіп, сауда жасайды . Әтей, Тінейдің Тастөбедегі қонысы мал жайылымына да ,сауда жасауға да қолайлы саналғандықтан Әтей, Тінейдің балалары осында тұрақтанып қалады. Қазір Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы бұрынғы Куйбышев-қазіргі Тастөбе, « Бесжылдық» ( қазіргі Шәкен Ниязбеков атындағы ауылы) Жамбай ата ұрпақтары тұрып жатыр.

Қоныс аударамыз деп, бір жағы Шыршық, бір жағы ірі сауда орталығы-Тараз қаласының маңайына орын тепкен баба ұрпақтаы енді есін жинай бергенде Жамбай ата қартайып, төсек тартып жатып қалады. Өзінің аманаты бойынша бабамыз қайтыс болғаннан кейін, »Дауылбай бастауының» маңына жерленеді. Бұл жер қазір - «Жыланбұзған» деп аталады, Сұлтан-Рабат елдімекенінің маңы.

Ол кезде Сұлтан Рабат- сарай орталығы , сарайды қорғайтын әскері , шабарманы , күзетшісі , байланысшысы , уәзірлер мекемесі , тұратын үйі , ат сарайы т.б . қоймалар мықтап қоршалатынг болған.Рабатқа кіре беріске үлкен қос қақпа тұрғызылған. Төңірегіндегі жергілікті халық,рабаттықтарға қызмет көрсететін болған . Ата мазары осында қойылған. Осындағы тұрғылықты халықтың аузында мынадай бір аңгіме бар; « Рабат қала сияқты өркендей бастаған кезде бір жесір кемпірдің екі баласы болыпты, Олар өте кедей тұрады екен . Тек екі ешкіні сауып сүтін пайдаланады . Күндердің күнінде кемпір ешкіні сауыії алғаннан кейін сүтті , үйге кіргізуді ұмытып, ошақ басында қалдырып қояды . Таңертең келіп қараса ыдыс бос , сүт жоқ , ал ыдысты ішіне екі теңге алтын бар екендігін көреді . Ертеңіне тағы да сүтті қалдырады , кешегі оқига қайталанып, ыдыста тағы да екі алтын теңге жатқанын көреді .Кемпір бұл батпан құйрық байлық жыланның әр күгі сүт құятын ыдысқа екі теңгеден қалдырып кетеніне көзі жетеді. Осылай жылдар өте береді . Кемпір мол дәулетке ие болып , екі ұлын байлардан артық қаражат жұмсап , дүркіретіп той жасап үйлендіреді . Мұны көрген халық мұнда қандай сыр бар деп сұрақтың шешімін білгісі келеді. . Кемпір бар сырды байқаусызда құрбы-досына айтып қояды . Айтылған әңгіме шаһар билеушісіне жетеді. Билеуші кемпірді сұрақтың астын ала бастайды.Одан кейін шаһар билеушісі өзінін шабармандарына зығыр майын жинауды бұйырады . Зығыр майын қазанға қыздырып ,жыланнын ініне кұйдырады . Жыландардың біразы өледі. Өлмей қалған жыландар бүкіл халықты да, малды да түгелдей қырып тастайды , сөйтіп бұл жер алдымен «Жылан қырған», кейін «Жыланбұзган» деп аталып кетеді. Осы оқиғадан кейін 150-200 жылдай бұл жерге ешкім қоныстанбайды , тек ХІХ ғасырдың соңында 1830 - 1990 жылдары өзбек ағайындар көшіп келе бастайды. Олар о дүниелік болған кісілерді Жамбай мазарының бір шетіне жерлейді. Сол жерленгендердің қатарында Әулие Мама Шәріптің сүйегін Жамбай мазарына қайта жерлейді. Бұрынғы орны әлі caқтаулы. Сөйтіп бұл мазар- Жамбай мазары емес, енді «Мама Шәріп мазары» деп аталып кетеді.

Жамбай атаның тағы бір ұрпақтары Түркістан облысы Түлкібас ауданы қос Көкбұлақ өзендерін бойлай мекендейтін Нөкіс руыннан тараған ұрпақтары тұрып келеді.

XVII ғасырдың екінші жартысы шамасында Араб елінен кіші Мекке Медине есебіндегі қасиетті Түркістанға екі кісі Шейх Зин, Накөз дін ілімін тарату мақсатында келген көрінеді. Түркістан маңындағы мақсат мүддесін орындаған соң , миссионерлік қызметтерін одан әрі жалғастырыу мақсатында Әулиеатаға (Таразға) барады.

Бұл азаматтар тоғыз жолдың торабы саналған Таразда біраз аялдаған. Сонда ру басы, өзі діни білімдіжан-жақты оқып,ел ішіне аты тараған Жамбай ата өзінің қызы Ақбілекті Шейх Зинге қоспақшы болғанда, ол кісі өзінің жасының ұлғайып айтып, жасы кішілеу Накөзге жол берген екен. Уақыты жетіп Ақбілек анамыз ұл табады. Бірақ бұл кезде Накөз бабамыз туған еліне шұғыл шаруамен аттанып кетіп, сол кеткеннен қайта оралмайды. Жаңа туылған нәрестеге Жиенбет деп ат қояды. Ұлы жүздің ардақты ағалары Жиенбетті ұлы атасы Жамбайдың құшағына беріп, қолына жілік ұстатып, өзінің ақ батасымен »енді сен де Жамбайдың бір ұлысың» деп шешім жасайды. Сөйтіп Жиенбет - Жамбай атаның бір баласы саналады. Қазіргі Нөкіс ұрпағы деп жүрген ру осы Жиенбеттен тарайды. (Осы бүгінге дейін Нөкіс ұрпақтары Жамбай атаның төрт баласынан тараған ұрпақтарымен қыз алыспайды). Арғы бабамыз Накөз ауыз екі айтылу барысында тіл өзгерісіне ұшырап, Нөкіс деп аталып кеткен.

Жамбай ата шежіресін құрастыруға ел азаматтары Әзімбек Смайлов пен Қарақұл Нұрлыбаев аталарымыз көп еңбек сіңірді. Қарақұл атамыздың ел тарихы және әдеби жинақтар жинақтаумен де ерекшелен. Қарақұл атамыздың жинақтарының ішінен «Суға кеткен келеді» әңгімесін оқырмандар мына сілтеме бойынша оқи алады:

https://beketnews.kz/uly-dala-urpaktary/

FaLang translation system by Faboba