Жаныс Жамбай баба кесенесі

Сайтымда Қыбырай батыр жайлы мақала жазған болатынмын. Шежіре бойынша Қыбырайдың әкесі - Жантуұлы Жайылмыс, Қыбырайдан басқа тағы 3 ұл көрген: Жамбай, Қожамберді және Қожан (қателессем - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. адресіме электронды хат жазып жіберіңіздер). Жайылмыстың туған бауырларына келсек, олар Өтеміс пен Байыс - қазіргі уақытта бөлек руға айналған тұлғалар. Жамбайдың ағайыны Қожамберді - қазақ даласына танымал Төле бидің атасы (Қожамбердіден - Құдайберді - одан Әлібек - одан Төле)



Кесене алдында жазылған төрт есім Жамбай бабаның ұлдарының аттары деймін. Олар Әтей, Тіней, Құлтас, Бектас. Тағы Ақбике есімді қызы болған (30.06.2022 шыққан мақаламда да кейбір мәлімет бар). Зайыр Сәдібековтың "Қазақ шежіресі" кітабында Жамбай баба жайлы мынадай мәлімет кездеседі:





З. Сәдібековтың еңбегінде Жамбай ұлдарының кейбіреуі дұрыс жазылмады деймін. Бектастың орнына Бөкес деп кеткен. Дегенмен бұл деректен Жамбай бабаның Есімханнан жасы үлкендігін байқауға болады.

Кесене алдындағы мәлімет бойынша, Жамбай бабаның бейітін көп жыл бойы ізденіп аңықтаған адам - Қарақұл Нұрлыбаев, кесененің жобалауына ұлкен демеу көрсеткен - Шолпан Дәуітов, кесене құрылысының басты демеушісі - Сайлау Уәлихан, кесене құрылысын басқарған - рубасы Мырзақұлов Қапалбай.

2015 жылы, Тараз, Шымкентте тұратын Жамбай ұрпағы тағы ұйымдасып, кесененің кұрделі жөндеуін қолға алды. Видеода қазіргі қалпындағы кесене сол капремонттан кейін. ВКонтакте сайтының Жамбай группасында сол күрделі жөндеуге дейінгі кесене алды сүретін тауып алып назарыңызға ұсынамын (видеомда Жарасова Әуез деген жазуы бар қара тас қайдан шыққанын енді сол сүреттен түсіндім)



Кесене Жыланбұзған ауылының шетінде орналасқан. Ауыл тұрғындары қазір көбінесе басқа ұлттың адамдары. Құрд па өзбек пе - нақтысын білмеймін. Бірақ қолымдағы СССР Қорғаныс Министрлігінің ГенШтаб картасы бойынша, сол ауданда кіші Жамбай өзені мен Жамбай аңғары да бар. Төменде салып қойдым.





Самарқанд қаласының түбінде Джамбай деген қалашық я ауыл бар. Қасында Оймауыт кенті бар (Жаныста Оймауыт деген тармақ та бар). Жоғарыда жазылғандай Ұлы жүз қазіргі Өзбекстан елінің жеріне 6 рет ауыпты, сондықтан сол Джамбай кентінің аталуы Жамбай руының тұрағымен байланысты деген болжамым бар. Негізі Шымкенттен қатты алыс бір жер емес. Құдайға шүкір, Жамбай бабаға дүниеден озғанда туған жер топырағын бұйырды!





Жамбай бабаның кесенесіне баратын жолды айтып берейін. Шымкент-Ленгір тасжолымен Ленгірге сәл жетпей жол бойында Алматау курортын меңзеп тұратын знак және жолды кесіп өтетін теміржол шығады (сүреттері төменде). Сол теміржолдан кейін Ү-жол қиылысында оңға бұрыңыз. Сол жолмен келе жатып, Бадам өзеннің үстімен өтетін көпір бар. Көпірден өткеннен кейін Жыланбұзған ауылы шығады. Жолдың оң жағында қоршалған жаңа минифутбол аланы көрінеді, сол аланға жетпей Жыланбұзған ауылында Жыланбұзған көшесіне :) бұрылып, көшемен жүре беріңіз, бір арықтың көпірінен өтіп, ауылдың шетіндегі көшеге шығып солға жүреберіңіз.





Жыланбұзған ауылына Шымкенттен баратын маршрут автобусы да бар, номері 144. Сол автобус маршрутының Шымкент қаласының қай жерлерімен өтетінін интернеттен іздеңіздер.

P.S. Зияраттың соңында Жамбай бабаның әруағынан балаларымды қолдай гөр деп сұрап үйіме қайттым. Бұл кесене жайлы маған мәлімет берген, Төле бидің Тасыбек ұлынан тараған, жұмыста бір кабинетте отыратын әріптес жігіт. Біздер көлікпен адасып ГазпромБитум зауытына қарай кетіп қалғанда - телефонына звондағаннан кейін Ленгірден машинамен келіп кесенеге дейін жол көрсетіп кеткеннін арқасында іздеген жерді таптық! Бұл тақырып жайлы пікірлеріңіз, қосатыныңыз бар болса - мақаланың бас жағында қалдырған имейл адресыме жазып бөлісіңіздер. Аман болыңыз!
FaLang translation system by Faboba