Жаныс баба асы 30.05.2025
Мамыр айының 30-да Қарамұрт ауылында Дулатұлы Жаныс бабаның асы өткізілді. Жалпы соңғы рет Жаныс бабаның басына зияратпен 2019 ж болыппын, міне арада 6 жыл өткесін ол жаққа екінші рет барып, бабаның кейбір ұрпағымен көрісіп қайттым. Жиында көргенімді бұл мақалада қысқаша баяндап берейін.
Айта кеткенім жөн болар, бұл асты дана Төле бидің Қожабек пен Жолан есімді ұлдарының ұрпақтары берді. Төлеұлы Қожабек те Жоланның қос кесенесі Жаныс баба кесенесіне іргелес орналасқан. Аталардың жатқан жері жайлы болсын деп тілеп кесененің бір шетін сүретке түсіріп төменге назарыңызға ұсынамын:

Ас басталардан бұрын кесене айналасында түсірген кейбір сүреттерім:

Сөйтіп белгіленген уақыттан көп ұзамай кесене алдында Жарылқасын аға жиынды ресми түрде бастап кетті. Ютуб каналымыздағы видео төменде. Ағамыздың сөзінен Жаныс баба асын өткізу тәртібі өзгергенін білдім. Енді бұл ас ай сайын емес, квартал сайын немесе үш айда берілетіндігін жиналған жұртқа мәлім етті (Видео сапасын арттыру үшін ютубтың экранында "настройки" тарауында керектісін таңдаңыз):
Жиында Жарылқасын аға Дулат бабамыздың есімін ұмытпай тиісті дәрежеде қолдануды шақырды. Мысалы біреу ру-еліңізді сұрағанда бірінші кезекте Тілеубердіұлы (Жарықшақ) Дулаттың есімін атап, одан кейің ру-аталарыңыздан мәлімет берген жөн.
Микрофонға Жамбай - Нөкіс руының өкілі Нұрғали Нұртаев, Қожамжар (Төле бидің 5-ші әйелінен тапқан ұлы) руының өкілі Казиев Асылбек, Байыс руынан Жаңабаев Бердібек, Жолан (Төле бидің 4-ші әйелінен) руынан Манарбек Сүгіралиев, Өтебай (Төле бидің 6 ағайынның бірі) руынын өкілі, Тоқпан (Төле би әкесі Әлібектің 3 ағайынның бірі) руынын өкілі және де тағы бірнеше ел ағасы шақырылды.
Жиында Төле би халықаралық қорының Түркістан облысы, Шымкенттік филиалының жаңа басшысы жұртқа таныстырылды. Бұл ауқымды еңбек енді Қадырбеков Керімхан ағамызға тапсырылды.
Кесене алдындағы жиында айтылған сөздерді төменге саламын:
Әңгіме-тілек арасында қария немере-жастардың тәрбиесіне, біліміне, ажырасу, суицид мәселелеріне назар аударуға, бұл бағытта бірігіп жұмыс істеуге шақырды:
Төле би қорының аймақтық бөлімшесін жаңа басқарған Керимхан ағаның сөзі, Тоқпан ата ұрпағы, 57 күйдің авторы - Қасымбек есімді ағамыз көпшілікке таныстырылды:
Сөздің бірінде Жаныс руының алқасы жайлы сұрақ қойылғасын Жарылқасын ағамыз оған былай жауап берді:
Жаныс бабаға арнау өлең:
Жиынның ресми аяқталуы:
Кесененің үстінгі бөлмесінен бір көрініс:
Жұрт кесене жанында тұрғызылған навес астында үстелдерге жайғастырылды. Ру өкілдері шатырлы беседка астында топтасты. Бата беріліп ас басталды. Сол жерде ортаға тағы бірқатар кісілер щақырылып, өз ой-пікірлерімен, тілектерімен бөлісті.

Бәйдібек ауданында көкпардың дамуына үлкен үлес қосқан Жаныс бауырымыз:
Ас-жиында айтылған сөзді жақсылап тындасан, біраз қызық деректі білесің: Қордайдың 80% Жаныстар - оның ішінде Қыбырай батырдың ұрпақтары көп, Талғар жақта 11 ауыл Жаныс бар, Әулие-Ата/Алматы өңірінде Жаныс ұрпақтарының шешімімен рулық қарым-қатынастарға байланысты жауапты кісілер сайланып, тиісті жұмыс атқарылып жатыр, т.с.с.:
Әрине тойда айтылған тілек-сөздердің бәрін видеоға түсіре алмадым, дегенмен назар аударатын тағы бір нәрсе болды. Ол Шымкент қаласында Төлеұлы Жолан батырдың ескерткіші. Айтылған сөз бойынша қала әкімшілігі бұл дайын ескерткішті қаланың балансына алудан бас тартты. Өкінішті жағдай. Бұл тарихи тұлғанын балалық шағында ел үшін қалмақтың ордасында аманат болып жүргені, Қытайға елші болып барғаны қазіргі билікке беймәлім я маңызы жоқ бір нәрсе сияқты. Ортаға 5-6 жігіт шақырылып ескерткіштің айналасын таза ұстап, көз салып жүргендері үшін алғыс білдірдік.
Астың ресми аяқталғанын видеоға түсіріп назарыңызға ұсынамын:
Қайтар жолда Сайрамда жатқан Дулатұлы Ботбай бабамызды неге зиярат етпеске? Ол жердің 2 сүреті төменде:

Қуанышты күндеріміз көп болғай, аман-есен болып, осындай жақсы себеппен жүздесіп көріскенше!