2025 Ташкент. Төле бидің жылдық дәстүрлі асы өткізілді.

27 сәуір күні Ташкентке Төкеннің жылдық асына барып қайттым. Осыған байланысты енді мақаланы жазып беріп оқырманмен бөлісейін. Әдетте ол жаққа барған сайын бір нәрсені біліп үйренемін, бұл рет те бір кісінің бабаның басына 40-тан астам рет зиярат еткенін есітіп тан қалдым.

Жыл сайын өтетін Жібек-жолы (ескіше Черняевка) шекара бекеті уақытша жабылғасын Қабыланбек шекара бекеті арқылы көрші елдің аумағына өтіп кеттік.



КПП-дан өткесін сол жақтағы автовокзалдың аумағында бұл шараға қатысатын бауырларымызды 7-8 автобус күтіп тұрды.

Астың программасы бойынша шахардағы шара Шымыр бабаны зиярат етуден басталды. Автовокзалдан сол жерге жүріп кеттік. Шымыр баба мазаратының кіреберісінде келушілерді Түркістан облысында Шымыр баба қорының президенті Орынбасар аға, Ташкентте қазақ мәдени орталығының басшысы, тағы да бірқатар ел ағалары күтіп алды. Қазақ жандардың шетелде осындай шара төңірегінде топтасқаны қандай тамаша!











сол сәттерден бір видеоны да неге қоспасқа (видеоның сапасын арттыру үшін - ютубтың экран бетіндегі настройки тарауына кіріп өзгертіңіз):



Содан соң асқа жиналған жұрт автобус, көліктеріне мініп Төле бидің кесенесіне тартты.

Кесене алдында түсірген видео:



Бірте-бірте зияратқа келген ағайын кесене алдына сыймай, ортадағы жасыл шөпке шығып кетті.



Сол жерде танымал спортшымыз, Серік ағамызды да көргенім бар. Оны бір топ адам үнемі көршап тұрғасын сәлемдесіп сөйлесуге мүмкіншілік болған жоқ.



Сол жерде Шейхантәуір кешенінің шырақшысымен әңгімелесіп сүретке түстім. Ол кісінің сол жерде бірнеше жыл бойы қызмет істеп жүргенін білемін. Жалпы молодес, келген жұртты қайта-қайта газон шөпті таптамауға шақырды :)

Кесене жақта түсірген бірнеше сүретті осында салып қоямын. Видео видеосымен бірақ фотографияның ерекше бір сәні бар ғой. Айтпақшы, кесене артындағы ғимараттың құрылысы қайта жанданды, тіпті қозғалып тұрған краннын стреласы сүреттердің біреуіне түсіп үлгерді ) Жалпы кесенеге тиіп тұрған бұл сияқты құрылыстың астында қанша бейіт кетті-ау. Өмір - өзен.















Төле бидің кесенесінен шығып бағдарламаға сәйкес көрші елде дүниеге келген қазақ генерал Сабыр Рахимовтың ескерткіші тұрған қалалық баққа аттандық.

P.S. Бұл мақаланың бастамасы ғана, кейінірек толықтырып аяқтаймын.
FaLang translation system by Faboba