Дулаттар, қазақтар, оңтүстіктегі үлкен бір шаһардан қалай айырылып қалды

Соңғы уақытта ғаламторда, нақтырақ айтқанда ютубта студияға келетін тарихшылар/сұхбат жүргізетіндер Дулаттардың Ташкент үшін күресі жайлы деректерді шала айтып кетеді де бұл тақырыптың мән-жайын ары қарай тарқатпайды. Мысалы мына бір видеода:



Дулаттар жайлы 21:10 және 44:10 минутында айтылып жатыр. Әрине дүниеде барлық нәрсені білу мүмкін емес, соңдықтан бұл тақырыпқа байланысты өз жағымнан кейбір дерек, пікірлерді жазып кетейін.

Д.Д. Байдалиевтің "Батыр - елдің сәулеті" кітабінің Сартұлы Койгелді батыр тарауында Ташкентпен байланысты төмендегі деректер келтірілген:



"...1734 жылғы жоңғар шапқыншылығының ақтабан шұбырынды алқакөл сұламадан кем түспеген жойқын соғысында, Ұлы жүз қазақтарының оннан жетеуінің құрып кеткені тарихтан белгілі. Осы кезеңде қалған елді аман сақтап қалу мақсатында Төле би мен Қойгелді батыр дулаттарды Қарақалпақ жеріне алып өтеді. Кейін 1739 жылы Төле бидің бұйыруымен Қойгелді бастаған қол Ташкентті қайырып алады."

"...Қойгелді Төле би көз жұмған соң билікті өз қолына алып оңтүстіктегі Ұлы жүзді 40 жылдай басқарды. 1771 жылы Абылайды хан сайлағанда ақ киізге көтерісуге қатысқан. 1781 жылы Абылай қайтыс болғанда хан сүйегін Түркістанға жерлеудің басы - қасында болады."

"...Ұлы жүздің ханы болған Жолбарыс хан өлген соң ұлы жүзге хан сайланған жоқ. Билікті Төле би жүргізді. 1756 жылы 93 жасында үш жүздің төбе биі аты бүкіл қазаққа мәшкүр болған би қайтыс болды. Оның денесі Ташкенттің Шайхантәуір деп аталатын қабірстанға жерленді. Төле бидің мұнда жерленуіне оның тоқалы Бибі себепші болған. Өйткені бибі Шайхан-Тәуірдің тікелей ұрпағы еді.
Төле би қайтыс болған соң Ұлы жүздің билігі Қойгелдінің қолына көшеді. Ұлы жүздің тізгінін қолын мықтап ұстаған Қойгелді жерін, елін Ресейге де бағындырған жоқ, іргесіндегі Қоқан хандығына да телміртпеді, сөйтіп 25 жылдай билік құрды."

"...Даңқты қолбасшы, батыр Қойгелді 1795 жылы өмірден өтті. Қойгелді өмірден өткен соң Ташкентті билеуге бақталастық басталды. Билікке Төле бидің баласы Қожамжар, Бәйтік, Сиқымнан Рысбек, Шымырдан Қойгелдінің баласы Жолмырза таласты. Ақырында түп нағашымыз деп Ташкентті билеуді Жүнісқожаға тапсырады. Жүнісқожа болса биліктен айырылып қалмауды ойлап қазаққа қазақты айдап салады. Қошақ деген Шаңышқылының батырына 40 мың қол беріп Дулаттықтырдың бетке ұстарларын түгел қырғызады. Олардың бастарын төбе етіп үйгізіп ең ұшар басына Қойгелдінің немересі Қырғызбайдың басын қояды.
Қазақтарды өзара қырқыстырып, таластырып қойған қоқандықтар көп ұзамай-ақ Ташкенді, басқа да қалаларды басып алады. Ұлы жүзге екі жүз жыл астана болған Тәшкеннен Дулаттардың айрылып қалуы осындай алауыздықтың салдары болатын.
Қойгелді ұрпақтарынан Жетібай, Бөлтеш, Жампоз, Бұралқы, Керімбай сияқты билер, Өтеболат, Қырғызбай, Байшағыр, Қарабатыр, Шонды сияқты батырлар шыққан. Ал Қабыланбек (Қойгелдінің немересі) бек болып қалада бес қақпаны билеген." (Еркин Арзымбетов: *Сарыағашқа іргелес, СССР заманында винзавод салынған Капланбек ауылының аталмыш Қабыланбекпен байланысы бар)

"Бір ғана Ташкент қаласының өзінде Қойгелді базары, Қойгелді көшесі, Қойгелді қақпасы деген атаулар болған. Қойгелді соғысқан жерлер Қазақстанның оңтүстік өлкесінде Қотырбұлақ, Майтөбе, Қошқарата, Ақкөл, Қаратау сияқты жерлердегі шайқастардың іздері әлі күнге белгілі."



Бірақ Дулаттар Ташкентте тек жоңғар-қалмақтан кейін жасаған деп ойлаған қате болар. Қазақтың ханы - Есімханның, 1627 ж (кейіннен Қатаған қырғынына алып келетін) Сайрам маңындағы жүргізген ұрысында да Ташкентті алуға қан төккен қолдын арасында да Дулаттар болды. Мысалы, Жаныстың Қыбырай батыры (*Ташкенттің қасында Qibrai ауылы бар) Есімханның қолында болып олжаға түскен бір баланы ағайынның біреуіне әкеліп бергені шежіреде сақталған.

Жоғарыда аталмыш Жүңіс қожа Ташкенттегі дулаттарға тек (именно) шаңышқылы, қаңлы рулардың өкілдерін неге айдап салды десеңізші? Ол Қатаған қырғынның мән-жайын білген болса керек. Және сол оқиғаны өз мүддесіне пайдалана білді!

Есімханға дейін де Дулаттардың Ташкентте жасағаны анық. Дулатұлы Шымыр бабамыздың сүйегі ол шахарда тектен тек жатпағаны оқырманға түсінікті шығар.

Мен сізге басқа бір қызық фактіні айтайын.

Бірнеше жыл бұрын өзімнің гаплогруппамды біліп жүру үшін АҚШ-та танымал лабораторияға (www.familytreedna.com) жасушаларымның (клетка) үлгілерін жибергенмін. Ол туралы сайтымда бір мақаланы да жаздым. Уақыт өте келе аталмыш лабораторияға мен сияқты анализ тапсырған және де талдаудың нәтижесінде ген бойынша маған туыс болып есептелген адамдар жайлы электронный пощтама хабараламалар келіп бастады. Лабораторияның сайтында парольмен тіркеліп көрсен, ол адамдардың дерегі таблица түрінде шығады. Анализ тапсырғанда кейбіреулері өздерінің білетін ата-бабаларын, елдерін, т.с.с. жазып жібереді. Әзірше сайт шығарып беретін тізімде дулаттар да бар, басқа ру-елдің азаматтары да бар. Маған туыс болып шыққан 50 шақты адамның ішінде 5-6 өздерінің бабаларын/руларын Шаңышқылы етіп көрсетіпті. Тізімде өздерін Төре санайтын 4-5 жігіттер бар :) Қазір скриншоттарды төменге салып көрсетейін (аты-жөндерін әрине жасырып қойғаннан кейін).









Менің ойымша Шаңышқылы руының құрамында Дулаттардың болуы жоғарыда Жүңісқожаның Ташкентте ұймдастырған қырғынның нәтижесі. Ата-анасынаң айырылып қалған ер балалар сол рудың ішінде өйтіп-бүйтіп кірме болып қалды. Дегенмен бұл мәселе бойынша ақиқатты болашақ ғалым-тарихшылар айтар деген үміттемін.



Ташкентті тартып алған Жүңісқожаның билігі алысқа бармады, көп үзамай қаланы Қоқандықтар басып алды. Кейіннен қаланы патшалы Ресей жаулап алды. Патшаны тақтан тайдырып сахнаға большевиктер шықты. Бірнеше жылдан сон кремльдегі большевиктердің ұйғарыммен Ташкент көрші елдің астанасына айналып кетті. Қазақтар бұл процессті уақытында тоқтата алмады.

Мақаламның қорытынды түйіндерін айтатым болсам, олар төмендегідей:
1) Қойгелді батырдан кейін Ташкенттің билігі Жүңісқожаға өткеннің ең басты себебі - дулаттардың өзара келіспеушілігінен, араздығынан.
2) Дулаттардың Ташкенттің билігінен шеттетілудің себеп-салдарын ғылыми негізде тағы да зерттеу керек.
3) Жеті ата деген нәрсе кейде әр-түрлі себеппен шыңдыққа жанаспау мүмкін.
4) Өзге ұлт өкілдерінің қолына билік түссе, қазақтың мүдделерін ойламас. Қазақ ұлты өз болмысын, келешегін стратегиялық тұрғыдан ойланып жүруды үйрену қажет.
FaLang translation system by Faboba